19
Жұма,
Сәуір

һижри

Қолды бүйірге таянуға салынған тыйымның хикметі

Қолды бүйірге таянуға салынған тыйымның хикметі

Ислам тарихы

Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Расулалла (с.а.с.) намазда қолмен бүйірді таянуға тыйым салды».

Бұхариде берілген риуаятта: «Әзірет Айша (р.а.) адамның бүйіріне сүйенгенін мәкрүһ деп санап: «Мұны яһудилер жасайды» деген».

Рәзин риуаят еткен бір хадисте: «Расулалла бүйірді таянуды намазда және намаздан тыс кезде де тыйым салды», – деген».

Зияд ибн Субәйх әл-Ханафи былай дейді: «Бірде ибн Омардың (р.а.) жанында тұрып намаз оқыдым. Қолдарымды бүйіріме қойып едім. Намазды аяқтағанда, ибн Омар (р.а.) маған: «Бұл намазда айқышқа ұқсау болады, Расулалла (с.а.с.) бұған тыйым салған», – деді».

Соңғы төрт хадисте (ихтисар намаздың ішінде де тіпті сыртында) бүйір таянудың тыйым салынғанын көреміз.

Ибн Омар хадисте қолды бүйірге таянуға салынған тыйымның бір хикметін былай түсіндіреді: «Адам крестке (айқышқа) ұқсап қалады. Қолдар бүйірге қойылған кезде, жанына қарай шыққан қолдардан христиандардағыдай дарға асылып тұрғандай көрініс пайда болады». Алайда қолмен бүйірді таянуға тыйым салынуы жайында басқа да мағыналар айтылған.

  • Шайтанға ұқсау.
  • Яһудилерге ұқсау.
  • Тозақтықтардың демалатын халі.
  • Тәкаппар және өркөкіректердің амалы.
  • Бәлекетке тап болғандардың шарасыз халі, үмітсіздіктің көрінісі.

Қолмен бүйірге таяну осындай жағымсыз мағыналарды қамтитындықтан, ол мейлі намаз кезінде болсын, намаздан тыс кезде болсын, діни тұрғыда жақсы қабылданбайды.

материал «Сүннет энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: