26
Жұма,
Сәуір

һижри

Алла Тағала лағнеттеген жеті топ

Алла Тағала лағнеттеген жеті топ

Ислам тарихы

Амр ибн Шағуаннан риуаят етілгеніне қарағанда Расулулла (с.а.у.) былай деген:

«Мен мына жеті адамды лағнеттедім. Елшінің дұғасы қабыл болады».

1. Алланың кітабына бір нәрсе қосқан;

2. Алланың тағдырын өтірікке шығарған;

3. Алланың арам қылғанын адал деп санағандар;

4. Алланың әһлі бәйтім (әулетім) жайында арам қылғанын адал деп санаған;

5. Сүннетімді тәрк еткен;

6. Олжалардың жақсысын таңдап өзіне бөліп алған;

7. Алланың құрметті қылғанын масқаралаған, масқаралағанын құрметті қылғысы келген залым.

Ибн Аббастың риуаятына қарағанда Хазірет Али, Расулулладан аят пен хадисте жоқ мәселеге кез болғанда не істеу керектігін сұрады. Хазірет Пайғамбар: «Ондай мәселені білімнің талабына қарай өмір сүретін мүміндердің арасында ақылдасыңдар. Бір ғана адамның көзқарасы бойынша үкім бермеңдер» деді.

Дұрыс сәнадпен (бізге дейін жету тізбегі) риуаят етілгеніне қарағанда хазірет Али, Расулулладан (с.а.у.) әмір етілмеген яки тыйым салынбаған бір мәселеге кездескенде не істеуіміз керек?» деп сұрағанда Расулулла (с.а.у.): «Ол мәселе жайында ғалымдар мен ғибадатқа берік адамдармен ақылдасыңдар. Бір ғана адамның көзқарасына қарап үкім шығармаңдар» деп жауап берді.

Хазірет Омар бір риуаятта Расулулланың «Менен кейін үмбетімнің арасынан Құранға теріс мағына беріп өздерінше жорамал жасайтын адамдар шығатынына қатты алаңдаймын» дегенін айтқан.

Ғудайыф ибн Харис әс-Сүмали (ө. 60/680 нен кейін) Расулулланың былай деп айтқанын риуаят еткен: «Қандайда бір топтың ортаға шығарған әрбір бидғаты, бір сүннетті жойып отырады».

Ибн Аббас та былай деген: «Адамдар жыл сайын ойдан бір бидғат шығарып бір сүннетті жойып отырады. Осылайша бидғаттар өршіп,сүннеттер жоқ болып кетеді».

Муғаз ибн Жәбалдың (р.а.) риуаят еткеніне қарағанда Расулулла (с.а.у.); «Құрмет көрсету мақсатымен бір бидғатшының артынан кеткен адам, Исламның құлауына жәрдемдескен болады» деген.

Хакәм ибн Умайр әс-Сүмали Расулулланың мына хадисін риуаят еткен: «Үрей тудыратын іс, белді қайыстыратын жүк пен бірінен соң бірі келетін жамандық. Міне бұл бидғаттың белгілері!...».

Әнәс ибн Мәлік те Расулулланың (с.а.у.): «Үмбеттерім 73 бөлікке бөлінеді. Олардың біреуінен басқасы тозақтық» дегенде, әлгі топ жайлы сұралады. Сонда «Менің асхабымның жолынан жүргендер» деп жауап бергендігін айтқан. Осы хадиске ұқсасын Хаким, ибн Омардан да риуаят еткен.

материал «Сүннеттің діндегі орны» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: