25
Бейсенбі,
Сәуір

һижри

Сауда-саттық үшін маңызды екі мәселе

Сауда-саттық үшін маңызды екі мәселе

Ислам тарихы

Әзірет Осман (р.а.) былай дейді: «Расулалла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай деген: «Сатқан кездеріңде өлшеңдер, сатып алғанда да өлшетіңдер».

 ТҮСІНДІРМЕ:

Бұл хадис сауда-саттық үшін маңызды екі мәселені қамтыған:

1. Сауда-саттықтың өлшеммен жасалуы.

2. Таразыға тарту ісінің сатушыға міндеттелгендігі.

Хадистің айтылуының себебі былай: Әзірет Осман бәну Қайнуқа базарынан құрма алып Мәдинаға әкеледі де, базарға жайып қаншалықты екендігін айтады. Тұтынушы келіп, оның айтқанына сеніп өлшемей ала салады да, бұл сатушыға өте жақсы табыс әкеледі. Бұл жағдай ардақты Пайғамбарға (с.а.с.) жеткенде, ол кісі (с.а.с.) әзірет Османға: «Сатар кезде де, сатып аларда да өлшет», – деп әмір етеді.

Таразыға тарту ақылы болатын болса, оның ақысын сатушы төлейді. Берілетін ақшаға қатысты таразыға тарту, егер кесек болса ұсақтау ісі тұтынушының міндеті болып табылады.

материал «Сүннет энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: