29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Адамзат қоғамын тұтас қалыпта ұстап тұру – баршамызға аманат

Адамзат қоғамын тұтас қалыпта ұстап тұру – баршамызға аманат

Ислам тарихы

Мейірімді, рахымды Алланың атымен бастаймын!

Осынау бірлікке ұйыған жүздеген ұлттардың ынтымағы жарасқан мекеніне айналған елдің тыныштығын бұзғысы келетін әртүрлі топтар тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап дінді желеу етіп, дүйім жұртты адастырып жүргендері әлбетте көңіл қыңжылтады.

Алды-артын ойламайтын, діни сауаты төмен кейбір бауырларымызды, кейбір азаматтардың исламнан хабары жоқ, исламның атын жамылған дінбұзар, салт-дәстүрді білмейтін шеттен келген ағымдардың арбауына еріп, ислам қасиетін, ислам құндылықтарын аяқ-асты етіп халықтың ішінде іріткі салып әбігерге салғаны әрине өте өкінішті.

Өкінішке орай, бүгінгі күні жат ағымдардың ықпалында жүріп, исламды дұрыс түсінбей соның салдарынан көнеден келе жатқан халқымыздың мәдениетімен дәстүріне сескене қарайтын бауырларымыз баршылық. Біле-білетін адамға ғасырлар бойы ата-бабаларымыздан қалған жол, олардың таңдап ұстаған жолы исламның жолы, Абу Ханифа мәзхабы салт-дәстүрімізді ардақтауға тамыры терең тарихымызды ұмытпауға ел тыныштығын сақталуына бағытталған. Алла Тағала Құран Кәрімде «Ағраф» сүресінің 199-аятында: «Кешірімді бол, ғұрыпқа бұйыр және надандардан жырақ бол» деп әмір еткен. Өздеріңізге белгілі мемлекет тарапынан бірнеше түрлі ағымдарды, жергілікті және халықаралық ұйымдарды экстремист деп тану және олардың қазақстан республикасы аймағында қызметіне тиым салу жөнінде шешім шыққан болатын. Әрине осы шешімдер өте уақытылы және орынды шешімдер болды. Бірақ өкінішке орай осындай ағымдардың кейбір мүшелері өздерін бізде Ханафи мәзхабындамыз деп өздерінде халықты да алдайды. Соның салдарынан баяғы дінсіздік діңгек еткен кеңестің дәуірінің бодауынан енді ғана шыққан халықты «кәпірсің» айыптау қандай өкінішті. Бұл іс мұсылманның ісіне жатпайды. Өздеріңіз білесіздер қатардағы қарапайым адамның біреуді күпірлікке айыптау үлкен күнә болып табылады. Сонымен қатар, сол айыптауы негізсіз болса өзіне оралатындығы жайында Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) хадистерінде айтылған.

Алла Тағала Құран Кәрімде «Бүлік (фитна) кісі өлтіруден қиын» деп қатаң түрде ескерткен. Сондықтан елімізде бүліктің шығуына жол бермей қазақ елінде барша мұсылмандар мұсылмандығымызды көрсете білуіміз керек.

Құрметті бауырлар!

Ислам діні әрқашан үй ішінен үй тігуді немесе ағымдарға бөлініп, кейбір діни-саяси топтардың қолшоқпары болып бүлік шығаруды емес, керісінше қоғамдағы ынтымақ пен бірлікті ұстануды бұйырады. Сол үшін Алланың біздерге нәсіп еткен елдің тыныштығын сақтайық.

Біздің республикадағы ұлтаралық қатынастағы тұрақтылық пен келісім өз-өзінен келген жоқ, қайта, бүкіл Қазақстан халқының осыған бекем ұмтылысының, еліміздегі бүкіл бүлік тармақтарының және қоғамдық саяси бірлестіктермен ұлттық-мәдени құрылымдардың, әрбір адамның осыны қастерлеп азаматтық борышым деп түсінуінің, қазақстандық патриотизм мен халықтар достығының арқасында сақталып келеді. Осынау баға жетпес байлықты бұдан әрі де сақтай беру үшін ұлттың саясатты жан-жақты жетілдіру, дінаралық және ұлтаралық қатынастарды реттеп отыруға қол жеткізу өте маңызды. Әрбір адамның және өмірі өзіне аманат болса, бүгінгі адамзат қоғамын тұтас қалыпта дұрыс бағытта ұстап тұру да баршамызға аманат екендігін ұмытпайық ағайын. Олай болса отанымыздың ішкі тұтастығымен қауіпсіздігін, тыныштығын сақтауда ерінбей еңбек етіп, көзіміздің қарашығындай қорғауымыз азаматтық һәм мұсылмандық парызымыз.

Яхия қажы Исмаилов,

«Ырыскелді қажы» мешітінің бас имамы

Бөлісу: