Жан тапсырар сәтте тіл не себепті тұтылады?

Жан тапсырар сәтте тіл не себепті тұтылады?

Ислам тарихы

Адам өмірінде қалай өмір сүрсе, соңғы сәтінде жанын да солай тапсырады. Яғни, ортасы, өмірі қандай болса, жан тапсырардағы жағдайы да солай болады.

Ажалдың қай кезде, қай жерде, қалай келетіні (Лұқман сүресі, 34-аят) білінбегендіктен, сол уақыттағы рухани жағдайымыз бен ойлау көкжиегіміз қандай болса, жанымызды да солай тапсырамыз. Құран көрсеткен иман шеңберінен шықпасақ, өмірде де, ақыретте де табысты боламыз. Ал, шайтанның азғыруына еріп, тура жолдан таятын болсақ, жан тапсырарда қиналамыз. Өлім − қиындықтардың, машақаттардың, азаптардың бастамасы.

Бұл жағдайға себеп болатын бірқатар амалдар бар. Яғни, соңғы сәтте кәлима-и шахадатты немесе кәлима-и тәухидті айтуға тілі келмейді. Мысалы, азан, қамат, құтба және Құран Кәрім оқылғанда дүниелік жайтты сөз ету, тыңдамау, оларды мазақ ететіндей мәнде айту, діни мәселелер айтылған кезде мазаққа айналдыру, тыңдамау, әжетханада отырып сөйлеу, ата-анасына жөнсіз бағынбау, әркімге жала жабу, зұлымдық жасау сияқты амалдардың жан тапсырар сәтте тілді күрмейтіндігі айтылады.

Кәлима-и шахадат тілде ғана болып, жүректе болмаса, оның ешқандай маңызы жоқ екендігі белгілі. Жан тапсырар сәтте тілдің жүрекке байланатындығы байқалады. Ажал періштесін көрген адам тек шындықтарды айтады. Дүниемен байланысы үзіледі. Жан тапсырғанда, тура жолдан ауытқымай дүниеден аттану өте маңызды. Жүрегі туралықтан таймай о дүниеге аттанған адамның тілі де әрине туралықпен сөйлейді. Алла мен расулының тура жолын ұстанбаған, оларды жақсы көрмеген, жүрегінде оларға орын бермеген адамдардың жан тапсырар сәтте тура сөзді айтуы неғайбыл.

материал «Ақырет жайлы 100 сұрақ» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: