23
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Тағамдардың харам етілу себептері

Тағамдардың харам етілу себептері

Ислам тарихы

Тағамдардың бірқатары Құран аяттары арқылы, бірқатары сенімді сүннет арқылы харам етілген. Себебі сүннеттің Құрандағы умум айтылған мәселелерді тахсис етуі, мутлақ аяттарға тақийд жасауы, мужмәл аяттарды тафсил етіп және мубһам аяттарды тәпсірлеу секілді функциясымен қатар, Құранда мүлде қозғалмаған жаңа үкімдерді айтуы секілді рөлі бар. Басқаша айтар болсақ, Құраннан кейінгі кезектегі қайнаркөз болып табылатын сүннетте де кейбір нәрселер халал, кейбір нәрселер харам етіледі.

Жалпы алғанда діни үкімдердің барлығы дерлік тағаббуди. Себебі тағаббуд сөзі Аллаға құлшылық ету және Оған мойынсұну деген мағыналарды береді. Сондықтан илләті ақыл арқылы анықталса да, анықталмаса да барлық діни үкімдер тек Алланың бұйрығына мойынсұнып, Оған құлшылық мақсатында жасауды тағаббудилік деуімізге болады. Бұл жалпы мағына. Ал негізінде тағаббуди үкімдер дегеніміз – илләті ақыл арқылы түсінілмейтін үкімдер.

Жоғарыда харамдықтың тағаббуди екендігін айтқан болатынбыз. Яғни, кейбір тағамдар мен сусындардың харам болуының себебі – илаһи тыйым. Демек, Алла Тағаланың тыйым салған кез келген тағам – харам. Алайда діндегі үкімдердердің негізгі мақсатына қысқаша түрде (зиянды нәрсені кетіру) мен  (пайдалы нәрсеге қол жеткізу) деп анықтама берілгендіктен кейбір тағамдардың харам етілуі адамдар үшін баға жетпесе хикмет пен пайда болып есептеледі. Алла Тағаланың кейбір тағамдарды харам етуі құлдарын машақатқа салып қою үшін, оларды кейбір нығметтерден шектеу мақсатында не болмаса оларды жазалау үшін емес, керісінше халал мен харамды бекітуде құлдарының бұл дүниелік һәм о дүниелік жағдайын ойлағандықтан. Біз мұнда кейбір тағамдардың харам болу себептерін қарастырамыз.

Насста бірқатар харамдардың тыйым салыну себебі баяндалса да, жалпы ол жайлы егжей-тегжейлі айтылмайды. Алайда харам етілген тағамдарды зерттеп қарар болсақ, олардың қандай ерекшелігі себепті харам болғанын білуге болады.

Негізінде, бірқатар аяттарда айтылатынында Исламда халалдықтың себебі тағамның жақсы болуы, ал харамдықтың себебі оның жаман, лас болуы меңзелген. Басқаша айтқанда, сөзі харам етілген тағамдарды, ал сөзі халал етілген тағамдарды білдіреді. 

материал «Адал ас» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: