27
Сенбі,
Сәуір

һижри

Дұға жасаушының кигені, ішіп-жегені адал болу керек

Дұға жасаушының кигені, ішіп-жегені адал болу керек

Ислам тарихы

Дұғам қабыл болсын деген адам Алланың тыйғанынан аулақ болып, бұйырғанын орындауға асығуы қажет.

Мына бір хадисте: «Кісі ұзақ сапар жүріп, үсті-басы тозып, денесі шаң болады да, екі қолын көкке көтеріп: «Раббым, Раббым», – деп дұға жасайды. Алайда жеген асы харам, ішкен сусыны харам, киген киімі харам, хараммен қоректенеді. Ондай адамның дұғасы қалай қабыл болсын?!» делінген.

Сағд ибн әби Уаққас дұғасы қабыл болатын сахабалардың бірі еді. Ол бірде Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) келіп:
«Алланың елшісі, маған дұға қылыңызшы: мен қай кезде дұға қылған болсам, дұғасы қабыл болатын құлдардан болайыншы», – дейді. Сонда Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер сен дұғасы қабыл болатын пенделерден болғың келсе, ішіп-жеп жүрген тамағың көркем болсын», – дейді.

материал «Дұғамен өміріңді өзгерт» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: