20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Мешітке кіргенде адам өзін қалай ұстауы керек?

Мешітке кіргенде адам өзін қалай ұстауы керек?

Ислам тарихы

С: Мешітке кіргенде не істеу керек?

Ж: Мешітке кіргенде отырмай тұрып, екі ракағат сәлем намаз оқу керек.

 

С: Мешітке кіргенде адам өзін қалай ұстауы керек?

Ж: Дүние істерінен, сөздерінен сақтанып, күліп-ойнамай, оның орнына намаз, Құран оқып, Алланы еске алу керек.

 

С: Пияз секілді ауыздан иіс шығаратын нәрселерді жеп, мешітке кіру дұрыс па?

Ж: Дұрыс емес, мәкрүһ.

 

С: Имам таң намазының парызын бастап кеткен кезде кешігіп келген кісі екі ракағат сүннетті оқи ма?

Ж: Егер де жамағатпен оқылып жатқан екі ракағат парыз намаздың соңына дейін үлгеретініне сенімді болса, екі ракағат сүннетін оқиды, ал сенімді болмаса, сүннетін оқымай, жамағатқа қосылады.

 

С: Сол екі ракағаттың қазасын оқидыма?

Ж: Жоқ, қазасын оқымайды.

 

С: Имам бесін намазының парызын бастап кетсе, кешігіп келген кісі не істейді?

Ж: Тезірек имамға барып ұйиды, төрт ракағат сүннетке бөгелмейді.

 

С: Сол төрт ракағат сүннетті қашан оқиды?

Ж: Парыздан кейін алдымен төрт ракағат сүннетін, сосын екі ракағат сүннетін оқиды.

 

С: Бір кісі бесін намазының төрт ракағат сүннетін оқып жатқанда бесіннің парызына қамат айтылса не істейді?

Ж: Оқып жатқан намазын екі ракағат қылып, сәлем беріп аяқтайды да, парызға қосылады. Ал жаңағы екі ракағат намазы нәпілге саналып кетеді. Кейін имамға ұйып парызды оқыған соң, төрт ракағат және екі ракағат сүннеттерін оқиды.

 

С: Бесін намазының төрт ракағат сүннетінің үшінші ракағатын оқып жатқанда қамат айтылса, не істейді?

Ж: Төрт ракағатқа толтырып аяқтайды, парыздан кейін қазасы болмайды.

материал «Ғибадат исламия» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: