04
Сенбі,
Мамыр

һижри

Досты, туысқанды зиярат етуде олардың намазхан болулары маңызды ма?

Досты, туысқанды зиярат етуде олардың намазхан болулары маңызды ма?

Ислам тарихы

Сұрақ: Досты немесе туысқанды зиярат етуде олардың салих, намазхан болулары маңызды ма?

Жауап: «Пасық болған, күнә істеуімізге себеп болатын туыстарды зиярат ету қажет емес, бірақ салих болған туысқандарды зиярат ету керек. Туған-туыстармен қарым-қатынасты үзу үлкен күнә болады. Еркек және әйел болған зирахми махрем туыстарды зиярат ету уәжіп болып табылады. Көкенің қызы сияқты махрем болмаған туысқандарды зиярат ету уәжіп емес.» (Бәриқа)

(Зиярат ету – үйіне барып тұру, хабарласып, хал-жағдайын біліп тұру, араласып тұру, қарым-қатынасты үзбеу деген сөз. Зирахми махрем – еркек үшін анасы, қыз бауыры, ата-ананың қыз бауырлары сияқты туыстар; ал әйел үшін әкесі, еркек бауырлары, ата-ананың еркек бауырлары сияқты үйленуі харам болған туыстар деген сөз.)


Ескі замандарда бір-бірін қатты жақсы көретін өте бауырмал екі ағайынды болыпты. Үлкенінің есімі Халил, кішісі Ибраһим. Халил үйленген бала-шағалы, ал Ибраһим әлі бойдақ екен. Екеуінің ортақ егіс алқабы бар еді. Бірлесе егіншілікпен айналысып, шыққан өнімді екіге бөлісіп, күнелтеді.

Бір жылы бидай егеді. Шыққан бидайды орып, екіге бөледі. Кейін осы бөлістірген бидайларды тасуға кіріседі. Үлкен бауыры Халил: «Ибраһим, сен осында күте тұр, мен қаптарды алып келейін» - дейді. Ибраһим: «Жарайды аға» - деп астық басында қалады. Халил қаптарды алып келуге кеткенде інісі ойланады: «Ағам үйленген, бала-шағасы бар. Маған қарағанда оған көбірек бидай керек» - деп, өзінің үлесіндегі бидайлардан бірнеше күрек бидай алып, ағасының бидайына қосып қояды. Кейін ағасы қаптарды алып келіп: «Қане Ибраһим, тасуды алдымен сен баста» - дейді. Ибраһим: «жарайды» - деп бір қапты толтырып, алып кетеді. Ол кеткен кезде ағасы ойланады: «Аллаға шүкірлер болсын. Мен үйленгенмін, бала-шағаларым да бар. Бірақ інім әлі бойдақ. Оған әлі көп жұмыс істеп, ақша табуы керек. Үй құрып, үйленуі керек» деп, өзінің бидайынан біраз күрек інісінің бидайына тастайды. Келесі кезекте Халил кеткенде інісі өзінің бидайынан тағы да оның үлесіне қосып қояды. Ағасы да өз кезегінде бірнеше күрек інісінің бидайына тастап отырады. Осылайша біршама жалғасады, бірақ бұл істен бір-бірінің хабары болмайды. Соңында кеш батып, күн қараяды. Ал бидайдың таусылатын түрі жоқ, тіпті азаймайды да. Алла Тағалаға бұл жағдай қатты ұнайды. Бұл бидайларына Хақ Тағаланың береке бергені соншалық, қаншама күн тасып, бидайды тауыса алмайды. Олар бұл халге таң қалады. Бидайлары азаюдың орнына, керісінше көбейіп, қоймалары толып тасып кетеді.

«Берекелі болсын» деген тіркестегі береке сөзінің шынайы мағынасын осы мысал айқындап тұрғандай...

материал «Бақыттың кілті жанұяда» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: