17
Жұма,
Мамыр

һижри

Ақыретте Алланы көзбен көре ме əлде жүрекпен бе?

Ақыретте Алланы көзбен көре ме əлде жүрекпен бе?

Ислам тарихы

Адам қандай жағдайда өлсе, сол қалпында тіріледі. Дүниеде қалай өмір сүрсе, солай өледі.

(Дүниеде сүйген) нəрсесі ол үшін Алланы танудан маңыздырақ. Адам өлгеннен кейін оның көзіндегі перде көтеріліп, Алланы көру көзі ашылады. Сондықтан мұндағы лəззаттың күші артады. Бұл сүйіктісінің бейнесін елестетіп, кейін оның өзін жүзбе-жүз көрген ғашық адамның жағдайымен тең. Себебі сүйген адамды көру – ғашықтық лəззатының жоғарғы мəртебесі.

Жəннатта əрбір адамның қалағаны əзірленген. Алла Тағаланы көруден басқасын қаламаған адам, басқа нəседен лəззат ала алмайды, керісінше ол бұл нəрседен азаптануы мүмкін. Демек жəннат бақыты Алла тағалаға болған махаббаттың дəрежесіне байланысты, ал Аллаға деген махаббат адамның танымына байланысты. Шариғат бұл таным негізіне «иман» деп ат қойған.

Егер сен: «(Алланы) көру лəззаты Оны тану лəззатына бай- ланысты екен, онда таным лəззаты екі есе көп болса да аз саналмақ. Себебі дүниедегі таным лаззаты əлсіз келеді. Сондықтан ол қанша есе көп болғанымен, жəннаттағы нығметтердің ең төменгі дəрежесіне жетпейді», – деп айтар болсаң, біліп алғайсың, сенің бойыңда таным (қасиеті) жоқ болғандықтан, осылай ойлап отырсың. Ал енді кім (Алланы) тану қасиетінен мақұрым болса, ол адам лəззаттың дəмін қалай татпақ? Егер оның бойындағы таным əлсіз, жүрегі дүние істерімен толы болса, онда мұндай адамның (Алланы) танудағы лəззаты қаншалықты болмақ?

Тақуалар мұндай адамдардың танымын, ой-толғамдарын, олардың Алла тағалаға мінəжат қылып төккен жастары үшін алған жəннат нығметтерін Алланы көру лəззатымен алмастырмайды. Себебі лəззат қаншама кемел болғанымен, көзбен көрген, (жүрекпен) сезінген лəззатқа жетпейді.

Адамдар бұған қатысты түрлі пікір айтқан. Бірақ көру қабілеті бар адамдар бұл мəселеге көңіл бөлмейді. Өйткені ғашығының сұлулығын көруге ынтызар адам қандай жағдайда болса да оны көруді қалайды. Алланың құдіретінде шек жоқ. Демек, ақыретте Алланы көзбен де, жүрекпен де көру мүмкін болғаны. Бірақ ақыретте осы екі жағдайдың қайсысы болатыны аят-хадистер мен дəлелдерге сəйкес түсіндіріледі. Әһли сунна уəл-жамағат сенімі бойынша, ақыреттегі көру көзбен болады. Шариғатта (араб тіліндегі) «көру» жəне «қарау» сөздерінің сыртқы мағынасын түсіну мақұлданған. Ал сөздің сыртқы мағынасын өзгерту тек зəру жағдайларда ғана мүмкін. Алла білушірек.

материал «Аллаға иман» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: