19
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Адамдардың Аллаға махаббаты әртүрлі

Адамдардың Аллаға махаббаты әртүрлі

Ислам тарихы

Негізінде барлық мұсылмандардың махаббаты ортақ болатынын біліп жұргенің дұрыс. Бірақ олардың білім деңгейлері мен дүниені жасы көру махаббаты əртүрлі болғаны сияқты, махаббат дəрежелері де алуан түрлі болып келеді.

Өйткені адамның махаббатын тудыратын себептердің өзі бір-біріне ұқсамайды. Адамдардың басым бөлігі Алла Тағаланың есім-сипаттарын біліп, қабылдап жəне жаттап алған. Алайда Алла Тағаланың сипаты бұл есімдерге сай адам қиялында туылған сипаттардан əлде қайда жоғары болуы мүмкін. Олар мұны əдейі істемейді, бəлкім олар Аллаға иман келтіріп, қолдарынан келгенше амал қылып, «Алла қандай?» жəне «қалай?» деген мəселемен бастарын қатырмайды. Адамдардың бұл тобы ақыретте азаптан аман, оң тарапта тұрғандар саналады. Ал енді Алла Тағаланың есім сипаттары туралы бұзық ойлаған адамдар – адасушылар.

Алланы ақиқат арқылы танығандарды Аллаға жақын пенделер деп атайды. «Уақиға» сүресінде адамдардың осы үш тобы айтылады: «Егер сол мəйіт, жақсылықтың бастаушысы болса, ол рақатта, жақсы ризықта, игілігі мол жəннатта болады. Егер ол бақыттылар қатарынан болатындай болса, (Ей, Мұхаммед!) Олардан саған сəлем! Ал егер ол тірілуге сенбейтін, алжасқан біреу болса, бұрқылдап қайнаған сумен қарсы алынады. Жаһаннамда жағылады» (Уақиға: 88-94).

Айтылған ақиқатты жақсырақ түсіну үшін махаббаттың əртүрлі болатынына мысалы келтірмекпіз: Имам Шафиғиді барлық мұсылмандар, мазхаб ұстанушылар мен фиқһ ғалымдары, бұқара халық жақсы көреді. Себебі олар имам Шафиғидің ерекшелігін, діндарлығы мен көркем мінезі туралы біледі. Алайда Шафиғиді жақсы білмейтін адамның оған деген махаббаты жалпы (орташа) болады.

Ал енді дінді жетік білетін адам, имам Шафиғиді де жақсы біледі, демек, ол адамның имам Шафиғиге деген махаббаты да артық келеді. Өйткені оның Шафиғи туралы білімі көп. Сол сияқты, қандай да бір кітапты, əңгімені оқыған адам, оның авторын да жақсы біледі, оған деген махаббаты артық келеді. Егер бұл жазушының кейін шыққан кітабы, алғашқы еңбегінен де жақсы болып, бұл адам оны да оқып шықса, онда оның бұл авторға деген махаббаты алғашқы кезінен де асып түседі. Себебі ол адамның бұл автор туралы білімі алғашқыдан артты.

Сол сияқты, автор туралы білмейтін адам «пəленше жазушы екен, оның керемет шығармасы бар екен» деген сөздерді естиді, бірақ өзі сол еңбекті оқымаған, тек басқалардан естігені бар. Демек, бұл адамның авторға махаббаты аз, өйткені оның автор туралы білімі шектеулі. Себебі кез келген шығарма жазушының ерекшеліктерін көрсетеді, ал өнер шебердің қандай адам екенін білдіреді. Олай болса, əлемді толық шығарма жəне өнермен салыстыруға болады. Бұл əлемнің авторы, шебері Алла. Білімсіз адамның өзі мұны біледі жəне осылай иман келтіреді.

Білімді адам Алла Тағаланың əлемдегі жаратылысын толық таниды. Тіпті шыбын-шіркей – адамның ақылы қайран қалатын жаратылыс. Сондықтан Алла тағаланың құдіреті, ұлықтығы, Оның есім-сипаттарының кемелдігі адам жүрегінің төрінен орын алып, Аллаға махаббатты күшейтеді. Уақыт өте, жаратылыстың сыры туралы жаңа білім ашылған сайын, Алланың құдірет кемелдігі көрініп, махаббат артады. Алла Тағаланың жаратылысына қарап, ғажайып теңізіне бойлап кете бересің, оның жиегі жоқ. Сондықтан бойында білімі бар адам махаббатының да жиегі жоқ десек қателеспейміз.

Махаббатың əртүрлі болуы жоғарыда айтқан бес себепке байланысты. Осы бес себептің бір-бірінен артық болуы, махаббатың бес түрін туады. Кім Алла тағаланы адамдарға жақсылық жасағаны үшін, Оның ризық бергені үшін ғана жақсы көріп, бірақ Оның болмысын жақсы көрмесе, онда мұндай адамның махаббаты əлсіз. Себебі Алланың жасаған жақсылығы ауысқан сайын, əлгі адамның махаббаты да құбылып тұр- мақ. Оның қиындық көргендегі махаббаты жеңілдік пен қуаныш кезіндегі махаббаты сияқты болмайды.

Алла Тағаланы болмысы үшін жақсы көрген адам, Оның кемелдігі, сұлулығы мен ұлықтығы үшін махаббатқа лайық екенін біледі. Мұндай адамның махаббаты жоғарыдағы адамның махаббаты сияқты емес. Оның махаббаты өзгермейді. Осыған ұқсайтын жағдайларға байланысты адамдардың махаббаты да əртүрлі. Аллаға арналған махаббаттың əртүрлі болуы салдарынан ақырет бақытына бөленуде алуан түрлілік байқалады. Бұған Құранда мынадай хабар бар: «(Дүниеде) оларды бірінен-бірін артық еткенімізді көрдіңдер ғой? Ал қиямет күнінде бірінен-бірінің айырмашылығы тіпті көп болады» (Исра: 21).

материал «Аллаға иман» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: