19
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Қаралы үйде тамақ пісіру исламға қайшы келмей ме?

Қаралы үйде тамақ пісіру исламға қайшы келмей ме?

Ислам тарихы

Ал қаралы үйде тамақ пісіруге келетін болсақ, ислам діні бойынша ол үйде тамақ пісіріп, қонақтарға дастарқан жаю емес, керісінше көңіл айтып келген туыстары мен көршілерінің қаралы үйге тамақ ала келуі өсиет етіледі.

Тіпті сахаба Жағфар қайтыс болғанда Пайғамбарымыз (с.а.у.) айналасындағыларға: «Жағфардың үйіндегілерге тамақ әзірлеңдер, себебі олардың басына бір қиындық туды» деген. (Әбу Дәууд, «Сүнән»).

Алайда алыстан кісілер келгенде оларға тамақ берудің ешқандай сөкеттігі жоқ. Бұл туралы Жәрир ибн Абдуллаһ: «Егер тамақ пісіру қажет болса, пісіруге болады. Себебі қаралы жерге жаназа үшін және көңіл айту үшін ауылдардан және алыстан келетіндер бар. Олар сол жерде қонақтап қалатын болса, онда тамақ пісіріп, оларды тамақтандыруға болады» деген (Уәһбатуз-Зухайли, «әл-Фиқһул- исламии»).

Алайда қазіргі кезде қаралы үйлерде «басқалардың алдында ұятқа қалмайық», «жұрт күлмесін» деген оймен той секілді дастарқанды жайнатып тастайтын әдет белең алып барады. Өзі қара жамылып, қайғыға батып отырған шаңырақ дастарқандарын жайнатып қою үшін шығынға белшеден батып, кейбіреулері қарызданып, қайғысына қайғы жамайды. Бұл, әрине, дін тұрғысынан да құптарлық дүние емес. Сондықтан ауыл ақсақалдары мен молдалары ақылдаса отырып, осыны болдырмаудың жолын қарастыру қажет. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осыған қатысты арнайы пәтуа дайындап, оны халыққа түсіндіру жұмыстарын барынша кең көлемде жүргізгені жөн.

материал «Имамға көмекші» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: