04
Сенбі,
Мамыр

һижри

Кока-коланы ішіп, күнә жасап жүрген жоқпыз ба?

Кока-коланы ішіп, күнә жасап жүрген жоқпыз ба?

Ислам тарихы

Кока-коланың аударма мағынасына қарап, мұсылмандар ішпей қойды. Кейбіріміз әлі де ішеміз. Күнә жасап жүрген жоқпыз ба?

Бүгінде мұсылмандардың арасында осы сауал жиі қойылуда. Меніңше, иманды адам бұл сусынның атына емес, затына терең үнілу керек сияқты. Олай дейтін себебім, қандайда бір затты жазуын теріс айналдырып немесе үлдірін (негатив) шығарып оқып, өз-өзімізге қиындықтар туғызу дұрыс емес. Дегенмен, шын мәнінде Кока-кола сусынының күмәнді екенін айтуға тиістіміз. Елімізге алғаш келе бастаған уақытта зияндылығы анықталғанымен, кейінгі уақытта өте үлкен мөлшерде сатылуы зияндылыққа қатысты шешімді басып озды. Яғни, халық көптеп пайдаланып, оның құрамына, қайдан шығып, қайдан келіп жатқандығына аса назар аудармады. Кока-колаға қатысты медициналық зерттеулер төмендегідей талдаудың нәтижесін ұсынады. Бірақ, біз бұл талдамаға сүйеніп харам үкімін бермейміз. Шариғатымыз нақты дәлелмен тыйым салмағандықтан оны күмәнді нәрселердің қатарына жатқызамыз.

Медициналық тұрғыдан келсек, даниялық зерттеуші топтың мәліметі бойынша кока-коланы көп ішкен еркектердің белсіздік (ұрықсыздық) кеселіне шалдығу қаупі бар.
«Кока-кола» компаниясы өкiлдерiнiң айтуынша, сусынның негiзгi құпиясы кошениль құртынан алынатын тағамдық қоспада екен. Әдетте оның құрамына қант, кока ағашының жаңғағы, фосфор қышқылы, кофеин, карамель, көмiр қышқылы қосылады деп көрсетiлетiн. Ендi өндiрушiлер сусынның түсiн өзгертетiн бояу ретiнде қолданылатын кошениль құртының еш зияны жоқ деп елдi сендiруге тырысуда. Дәрiгерлердiң пайымдауынша, кока-кола, әсiресе, балалардың бас сүйегiне, ойлау қабiлеттерiне орасан зор зиян келтiредi. Жалпы газдалған сусынды мөлшерден тыс пайдалану адам ағзасындағы кальций, темiр секiлдi ең маңызды элементтердi жойып, есесiне құрамындағы есiрткi зат адам өмiрiн екi есеге қысқартады.

Америкалық денсаулық сақтау органдары «Кока Коланың» рак ауруын туғызуға тікелей әсері бар екенін анықтап отыр. Сусын құрамындағы карамельдің шын мәнінде қоңыр қызыл канцерогендердің қосындысы екені анықталған. Кола өндірушілердің карамель деп жүргені үй жағдайында қантты ерітуден алынатын тәтті емес. «Кока- колалық карамель» - аммиак, сульфит және шекерді реакциялау барысында пайда болатын, адам ағзасына зияны орасан сұйықтық. Бұл қосынды бауыр және қалқанша безі рагының өріс алуына жол ашады. «Кока-кола» компаниясы шығаратын 4 өнімде жасанды карамель пайдаланылады. Ал, оның екеуіне аммиак қосылатынын білген вашингтондық ғалымдар қазір кока-коланың зияндылығын айтып, дабыл қағуда.

материал «Имамға көмекші» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: