01
Сәрсенбі,
Мамыр

һижри

 Кей кісілердің әдейі зираттарды бүлдіруіне шариғат қалай қарайды?

 Кей кісілердің әдейі зираттарды бүлдіруіне шариғат қалай қарайды?

Ислам тарихы

Ислам дінінде зиратқа, яғни қабірдің аяқ асты болмауына ерекше көңіл бөлінген.

Бұл жағдайға көптеген хадистерден дәлелдер келтірілген. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір хадисінде: «Қабірлерде намаз оқып, үстіне отырмаңдар!» делінген.Келесі бір хадисінде: Мұхаммед (с.а.с.) Амр ибн Хазм деген сахабаның қабір үстіне сүйеніп тұрғанын көріп, былай дейді: «Қабірге сүйенуші болма! Мұндай іс-әрекет, жерленген марқұмның мазалағанмен тең»,  деген сөзі бар еді. Олай болса, қабірге сүйеніп тұрудың өзі, қабір иесін мазалайтын болғандықтан, зиярат жерленген жерді бұзып-соғу, одан өткен сорақылық болып табылады. Себебі, тып-тыныш тұрған қабірлерді, қирату дегеніміз – ата-бабаларымыздың рухына, марқұмға деген құрметсіздік.

Имам Муслим жеткізген келесі бір хадисте, Алла елшісі (с.а.с.): «Тірі адамға қабір үстіне отырғаннан гөрі, киімін күйдіретін шоқтың үстіне отырғаны қайырлы», - деп қатаң ескерткен.

Ал қабірлерді бұзу – білімсіздіктен, сауатсыздықтантуындап отырған өкінішті жайт. Ислам дінін дұрыс түсінген жан, мұндай келеңсіз істерге бармауы тиіс. Өйткені, бұл өз басына ғана емес, тұтас Ислам дініне кір келтіретін жағымсыз әрекет.

материал «Күнделікті діни сауалдарға жауаптар» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: