21
Сейсенбі,
Мамыр

һижри

Тақуалықтың артықшылығы туралы аяттар

Тақуалықтың артықшылығы туралы аяттар

Ислам тарихы

Тақуалықтың артықшылығы туралы аяттар:

«Ақиқатында, Алланың құзырындағы ең ардақтыларың – ең тақуаларың» («Хужурат» сүресі, 13-аят).

«Ақиқатында, (ізгілікті) Алла тек тақуалардан қабыл алады» («Мәида» сүресі, 27-аят).

«Оның («әл-Харам» мешітінің) өкілдері тек тақуалар ғана» («Әнфәл» сүресі, 34-аят).

«Алла – тақуалардың қамқоршысы» («Жәсия» сүресі, 19-аят).

«Ақиқатында, Алла тақуаларды жақсы көреді» («Тәубе» сүресі, 7-аят).

«Ол (Алла) кімнің тақуа екендігін жақсы біледі» («Нәжм» сүресі, 32-аят).

«Алланың тақуалармен бірге екендігін біліңдер» («Тәубе» сүресі, 123-аят).

«Ең жақсы нәтиже – (нағыз жетістік пен шын бақыт құлшылық мәйегі болған) тақуалықта» («Таһа» сүресі, 132-аят).

«Аллаға қарсы келуден һәм азабынан сақтанатын тақуа жандарды, расында да, зор болашақ һәм сондай керемет қайтар жер күтуде» («Сад» сүресі, 49-аят).

«Раббыларыңның жарылқауына һәм шынайы тақуалар үшін әзірленген кеңдігі жеті қат аспан мен жердей болған жұмаққа асыға ұмтылыңдар» («Әли Имран» сүресі, 133-аят).

«Раббыларын шын көңілден ұлықтап, Оған қарсы келуден һәм қаһарынан сақтанғандар лек-легімен жәннатқа жөнелтіледі» («Зумар» сүресі, 73-аят).

«Сол күні жәннат Аллаға шын жүректен тағзым етіп, алдында асы болудан һәм азабынан сақтанған тақуа жандарға жақындатылады» («Шұғара» сүресі, 90-аят).

«Кім Аллаға және Оның елшісіне бойсұнса, Алладан қорқып, тақуалық қылса, міне, солар – табысқа (жұмаққа) жеткендер» («Нұр» сүресі, 52-аят).

«Ал кім Алладан қорықса, оған (қиындықтан) шығар жол жасайды әрі (Алла) оған ойламаған жерден ризық береді» («Талақ» сүресі, 2-3 аяттар).

материал «Әз Пайғамбар хақ жолы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: