15
Сәрсенбі,
Мамыр

һижри

Құранға берік болуға шақыратын хадистер

Құранға берік болуға шақыратын хадистер

Ислам тарихы

«Құран – шапағаты қабыл алынатын шапағатшы және куәлігі теріске шығарылмайтын жақтасушы. Кім оны басшылыққа алса, ол оны жәннатқа жетелейді. Кім оны артқа тастаса, тозаққа айдалады» (Ибн Хиббан).

«Кім Құранды оқып, оған амал жасаса, Қиямет күні оның ата-анасына тәж кигізіледі. Ол тәждің жарығы мына дүние үйлеріне түскен күннің жарығынан да, тіпті, сендердің үйлеріңе түскен күннен де жақсырақ. Ал енді оған амал еткен адам туралы ойларың қандай?!» (Әбу Дәуід, әл-Хаким)

«Ақиқатында, бұл Құран – Алланың дастарханы. Сондықтан оның дастарханынан шамаларың келгенше алып қалыңдар. Анығында, бұл Құран –  Алланың берік арқаны, анық нұр, пайдалы шипа, оны берік ұстанған адамға қорған болады, оған ерген адамды құтқарады, ол (ақиқаттан) аумайды, ешкімнің көңіліне қарамайды, онда қайшылық жоқ, түзетуді қажет етпейді. Оның ғажайып кереметтері таусылмайды, көп қайталағаннан тозбайды. Оны оқыңдар, өйткені Алла Тағала әр әрпін оқыған үшін сендерге он сауап жазады. Анығында, мен «әлиф ләм мим» бір әріп деп айтпаймын. Бірақ «әлиф» бір әріп, «ләм» бір әріп, «мим» бір әріп» (әл-Хаким).

Алла елшісі (с.ғ.с) қоштасу қажылығында адамдарға хұтпа айтып: «Расында, шайтан сендердің жерлеріңде өзіне құлшылық етілуден күдерін үзген. Алайда шайтан өздерің елемей жүрген бұдан басқа амалдарда өзіне бойсұнған адамға риза болады. Сондықтан абай болыңдар! Ақиқатында, мен сендерге мықтап ұстанған жағдайда ешқашан адаспайтын нәрсе қалдырдым, ол – Алланың кітабы мен пайғамбарының (с.ғ.с) сүннеті», – деді (әл-Хаким).

материал «Әз Пайғамбар хақ жолы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: