29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Жүктілік айларында жасалса септігі тиетін істер

Жүктілік айларында жасалса септігі тиетін істер

Ислам тарихы

Әйелдің сәбиін дүниеге алып келу жолында жасаған жақсы, ізгі амалдары салиқалы ұрпақтың туылуына себепкер болады. Сол үшін уақытыңызды текке жібермей, әр айды сауапты істермен өткізіңіз:

1 – ай:

  1. «Ясин» және «Саффат» сүрелерін бейсенбі және жұма күндері оқып, оларды ішіне үрлеу керек;
  2. Намазды уақытында оқу керек;
  3. Егер мүмкіндік болса, шафран қағазына «Қадір» сүресін жазып, суға ерітіп ішу немесе жеу керек.

2 – ай :

  1. Бейсенбі және жұма күндері «Мүлк» сүресін оқыған жөн.
  2. Бейсенбі күні 140, жұма күні 100 мәрте салауат айту (Аллаһуммә салли алә Мухаммәд). Қолды ішке қойып айтса да болады.
  3. Егер денсаулық көтеріп, мүмкіндік болса, күнде аш қарынға «Ықылас» сүресін оқып, жазып суға ерітіп ішсе болады.

3 – ай:

  1. Бейсенбі және жұма күні «Әли-Имран» сүресін оқу керек.
  2. Күніне 140 рет салауат айту керек. (Аллаһуммә салли алә Мухаммәдин уә алә Мухаммәдин уә алә әли Мухаммәд).
  3. «Аятул-Курсиді» жиі қайталап оқу.
  4. Мүмкіндік болса, денсаулық көтеретін болса, күнде бір алмаға «Аятул-Курсиді» оқып, аш қарынға жеу керек.

4 – ай:

  1. Бейсенбі және жұма күндері «Инсан» сүресін оқыған жөн:
  2. Күнделікті намаздардың бірінде «Фатихадан» кейін «Қадір» сүресін оқу керек.
  3. Намаздан кейін қолды қарынының үстіне қойып, «Қадір» және «Кәусар» сүрелерін оқып, содан кейін мына дұғаны оқу керек:

«Уа, Раббымыз! Әйелдерімізді және үрім-бұтағымызды (тура жолға салып) көз қуанышымыз еткейсің! Һәм бізді тақуалықта өзгелерге имам (жетекші әрі үлгі-өнеге) қылғайсың!» («Фуркан» сүресі, 74 аят).

  1. Күнде 140 мәрте салауат айту керек.
  2. Бұл айда түнгі құлшылыққа жиі тұру керек. Егер түнгі құлшылыққа тұра алмаса, күндіз нәпіл намаздарды оқуға болады.
  3. Күнделікті інжірге «Тин» сүресін оқып, аш қарынға жеу керек.

5 – ай:

Құрсақтағы нәресте осы айдан бастап сыртқы әлемнің әсеріне сезімтал болады.

  1. Бейсенбі мен жұма күндері: «Фатх» сүресін оқыған жөн.
  2. Күнделікті намаздардың бірінде «Фатихадан» кейін «Наср» сүресін оқыған жөн.
  3. Күн сайын 1 жұмыртқаға «Фатиха» сүресін оқып, аш қарынға жеу керек.

6 – ай:

  1. Бейсенбі және жұма күндері «Уақиға» сүресін оқыған жөн.
  2. Ақшам намазының 1-ші ракатында, «Фатиха» сүресінен кейін «Тин» сүресін оқу керек.
  3. Нәпіл намаздарды оқуға тырысу керек.

Күн сайын анарға «Фатх» сүресін оқып, аш қарынға жеу керек.

7 – ай:

  1. Дүйсенбі күндері «Нахл» сүресін оқыған жөн.
  2. Түнгі құлшылыққа тұрып, дұға жасау керек.
  3. Бейсенбі және жұма күндері «Ясин» және «Мүлк» сұрелерін оқыған жөн.
  4. «Нұр» сүресін оқу.
  5. Күнделікті намаз кезінде «Қадір» және «Ықылас» сүрелерін оқыған жөн.
  6. Күнде 140 рет салауат айту керек.
  7. Күнде айваға «Ясин» сүресін оқып, оны аш қарынға жеп жүру керек.

8 – ай:

  1. Бейсенбі және жұма күндері «Қадір» сүресін 10 рет оқыған жөн.
  2. «Нұр» сүресі оқылады.
  3. Жексенбіде таң намазынан кейін 2 рет «Тин» сүресін оқыған жөн.
  4. Дүйсенбі күндері «Ясин» сейсенбі күндері «Фуркан», сәрсенбі «Инсан» бейсенбі «Мұхаммед», жұма «Саффат» сүрелерін оқу керек.

9 – ай:

  1. Бейсенбі күндері «Хаж» жұма күндері «Фатыр» сүресін оқыған жөн.
  2. «Нұр» сүресі оқылады.
  3. Екінті намазының 1-ші ракатында «Фатихадан» кейін «Аср», 2-ші ракатында «Зарият» сүресін оқыған жөн.

материал «Жүктілік кезде оқылатын дұғалар» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: