19
Жұма,
Сәуір

һижри

Сахабалардың хадис үйрену үшін сапар шегуі

Сахабалардың хадис үйрену үшін сапар шегуі

Ислам тарихы

Жабир ибн Абдуллаһ былай деген:

«Сахабалардан біреуінің Расулулладан естіген хадисін менің естімегендігім жайлы мәлімет алдым. Дереу бір түйе сатып алып қажетті дайындығымды жасадым да жолға шықтым. Бір ай бойы жол жүріп ақыры Шам қаласына бардым. Әлгі хадисті риуаят еткен сахаба Абдуллаһ ибн Үнәйсәл Ансари екен. Қасына бардым да «Сенің Расулулладан естіген, алайда мен оны естімеген зұлымдық жайлы айтылған хадисің маған жетті. Осы хадисті естімей тұрып екеуміздің біреуміз өліп қалармыз деген қорқынышпен саған келдім», дегенімде Абдуллаһ ибн Үнәйс, Расулулланың былай дегенін айтты: «Адамдар қиямет күні жалаңаш түрде, сүннетсіз әрі он екі мүшесі сау күйде бүһм түрде қайта тіріледі».«Біз «бүһм» деген не?» деп сұрағанда Расулулла «Құр алақан. Оларды ұзақтан әрі жақын жерден шақыратын мынандай дауыс шығып тұрады: «Төреші менмін, дәян менмін. Жұмаққа кіретін адамға зұлымдық жасаған тозақтық осы ақысын өтемей тұрып тозаққа кірмейтіні сияқты, тозақтық бір адамға зұлымдық жасаған жұмақтықта сол ақысын өтемей тұрып жұмаққа кірмейді; бір рет ұрып зұлымдық жасаған болса да».

«Расулуллаға «Қиямет күні қасымызда осы ақымызды өтейтіндей ешнәрсе болмайды, жалаңаш тіріледі екенбіз. Бұл қалай болады?», дегенімізде Расулулла, «Жақсылықпен жамандықтарыңызды айырбастау арқылы...» деп жауап берді.

Бәйхақи ибн Әбу Рабаһтың (ө. 114/732) былай дегендігін риуаят еткен:«Әбу Әюб (әл-Ансари) естіген бір хадистің ақиқатына көз жеткізу үшін, ол хадисті Расулулладан естігендердің ішінде тірі қалған жалғыз сахаба Укба ибн Амрға (ө. 60/680) бармақ болып жолға шықты. Алдымен Мысырлық әмірші Мәсләмә ибн Мұһалледтің (ө. 62/681-682) үйіне ат басын тіреп онымен біраз уақыт көріскеннен кейін, оған Укбаның үйіне алып баратын адам тауып бер деп өтініш жасады. Мәсләмә Әбу Әюбқа Укбаның үйін көрсететін адам тауып берді. Укба, Әбу Әюбты құшақтап қарсы алғаннан кейін «Жайшылық па Әбу Әюб! Не үшін келдің?» деп сұрағанда Әбу Әюб, «Мүміннің қателігін жасыруға байланысты Расулулладан естіген хадисті алу үшін келдім» деді. Сонда Укба, «Иә, Расулулланың, «Кімде-кім дүниеде бір мүміннің айбын жасырса, қиямет күні Алла да оның айыбын жасырады» деп айтқанын естідім» деді. Хадисті Укбаның өз ауызынан естіген Әбу Әюб, Мадинаға қайтпақ болып жолға шықты. Мысырдың әміршісі Мәсләмәнің сыйлығын, Мысыр Аришиніне дейін жеткізіп берді».

Бұхари мен Мүслим, Салих ибн Хайдың мына сөзін риуаят еткен: «Шағбидің қасында едім. Хорасандық бір кісі, Шағбиге, «Хорасанда перзент дүниеге әкелген күңді, азат етіп сосын онымен үйленген адамды; сыйға тарту еткен жануарын көлік ретінде қолданған адамға ұқсатамыз» деді. Осы сөзді естіген Шағби, мына хадисті риуаят етті: «Мына үш адамға үш есе сауап беріледі: Біріншісі, күңіне жақсы тәлім-тәрбие беріп, оны азат еткеннен кейін онымен үйленген; екіншісі, һәм өзінің пайғамбарына һәм хазірет Мұхаммедке иман келтірген кітап иесі; үшіншісі Алланың және мырзасының ақысын жемеген құл... Шағби осы хадисті риуаят еткеннен кейін Хорасандық адамға, «Сенен ешқандай ақы алмай хадис риуаят еттім. Адамдар бұдан да азын алу үшін Мадинаға дейін баратын еді» деді». Сайд ибн әл-Мүсәйәб былай деген: «Қажет болса бір хадисті алу үшін қаншама күн сапар шегер едім».

Зүһри де мына оқиғаны айтып береді: «Уруә (ө. 94/713) әңгімелеп берген қыссасына байланысты өтірікші деп айыпталғанда, «Жоқ. Мен өтірік айтқаным жоқ, айтпаймын да. Шын мәніндегі ең үлкен өтірікші, шындықты айтқандарды өтірікші деп айтқандар» деген».

Осман ибн Нүфәйл Ахмет ибн Ханбалға «Пәлен адам, Уәки, Иса ибн Юнус пен ибнүл-Мүбарак жайлы алып-қашты әңгіме айтып жүр» дегенде Ахмет ибн Ханбал, «Шындықты айтқандарды өтірікші деген адамның өзі барып тұрған өтірікші» деп айтқан.

Мүслим ибн Сириннің былай дегенін риуаят еткен:«Сондай бір дәуір өткен, ол дәуірде адамдар, хадистердің шындығын зерттеуге қажеттілік сезінбейтін. Алайда бүлік ортаға шыққанда шындығына көңіл аударылып, сүннетті жетік білетін рауилердің хадистері ғана алынатын болды; бидағатшылардың хадистері тәрк етілді».

Имам Мәліктің риуаятына қарағанда Омар ибн Абдулазиз, «Расулулла (с.а.у.) әрі одан кейін келген Төрт халифалар, бірнеше сүннет ортаға қойған. Олармен амал ету Құранды растау, Аллаға толық мойынсұну және Оның дінін қуаттау деген сөз. Кімде-кім бұларды басшылыққа алып, одан пайдаланатын болса, тура жолды тауып, жетістікке жетеді; кімде-кім бұлардан бас тартатын болса иман жолынан адасады» дегеннен кейін «Мүміндердің жолынан басқа жол іздесе, оны бұрылған жағына бұрамыз да тозаққа саламыз.Ол нендей жаман орын!» деген аятты оқыды.

материал «Сүннеттің діндегі орны» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: