27
Сенбі,
Сәуір

һижри

Сүннеттің Құранға сәйкестігі

Сүннеттің Құранға сәйкестігі

Ислам тарихы

Сүннеттің қойған үкімдерін Құранға салып көріпоған сәйкес келетіндігін зерттеу мәселесінде кейбір әлсіз рауилерден жеткен хадистердің ешқандай дәлелі жоқ. Шафи хадистерді тәрк ететіндердің мына риуаятты алғатартатындықтарын айтады: «Менен сендерге жеткен сөздерді Құранмен салыстырыңдар. Құранға сәйкес келетіндерін мен айтқанмын, сәйкеспейтіндер менің сөзім емес».

Шафи хазірет Пайғамбардан риуаят етілген депайтылатын осы сөздің, кез келген тақырыпта хадисіне сенім артатын рауи тарапынан риуаят етілмегендігін, оның үстіне сәнадында белгісіз бір рауи бар мұндай мұнқатиғ (сәнады толық емес) бір риуаяттың ешқандай тақырыпта дәлел болмайтынын айтқан.

Бәйхақидің айтуынша Шафи осы сөзімен, Халид ибн Әби Кәримәнің Әбу Жағфардан, оныңда Расулулладан риуаят еткен мына хабарына ишаражасаған: Расулулла (с.а.у.) Яһудилерді шақырып алып, олардан кейбір нәрселерді сұрады. Олар хазірет Иса жайлы алып-қашты негізсіз кейбір нәрселерді айтып берді. Сосын Расулулла мінбеге шықты да «Мен айтты деген хадистер көбейіп кеңге жайылатын болады. Олардың ішінде Құранға сәйкес келетіндері менің сөзім, оған қайшы келетіндер болса, менікі емес», депті.

Бәйхақи осы риуаяттың сәнадын (жету жолын) тексеріп бір жағынан Халидтің белгісіз бір рауи екенін, енді бір жағынан рауи Әбу Жағфардың сахаба еместігін, сондықтан да риуаяттың мұнқатиғ екендігін білдірген.

Шафи хадистің Құранға қайшы келмейтінін, алайда хадистердің ғұмум-хусус пен насих-мәнсух жөнінен Құранға түсініктеме беретінін білдіріп, хадистерді мойындауды Алланың парыз қылғанын, сондықтан да Расулулланың сүннетін орындаудың Алланың бұйрығына мойынсұну мағынасына келетінін айтқан.

Бәйхақи сүннеттің қабыл етілуі үшін алдымен Құранға салыстырып көру керек деген мәселеге байланысты риуаят етілген хадистің бірнеше түрі әр түрлі сәнадтармен келгендігін, десе де бұл сәнадтардың әлсіз екендігін айтқаннан кейін ибн Уәһбтің (ө. 197/812) Амр ибн әл-Харистен (ө.150/767 ден бұрын) оның да Асбағ ибн Мұхаммед ибнӘби Мансурдан риуаят еткен мына бір мұнқатиғ хадисті келтіреді: «Мен айтты деген хадистер үшке бөлінеді:

  • Құранның көмегі арқылы танитын хадистер. Бұларды қабылдаңдар.
  • Құранда мәселесі айтылмаған хадистер. Бұларды қабылдамаңдар.
  • Төбе шаштарыңды тік тұрғызып сендерді әсерлендірген хадистер. Бұларды да қабылдамаңдар».

Бәйхақи, Зирр ибн ХубайышАсым ибн Әбин-Нәжударқылы Али ибн Әби Талибтен риуаят етілген «Менен кейін хадистерімді риуаят ететін көптеген рауилер пайда болады. Олардың риуаят еткен хадистерден Құранға сәйкес келетіндерін алыңдар, сәйкеспейтіндерін алмаңдар» деген хадисін айтқаннан кейін осы риуаятқа байланысты Дарәқутнидің (ө. 385/995) мына көзқарасын келтіреді: «Осы хадистің Асым ибн Әибн-Нәжуд Зирр ибнХубайыш Али ибн Әби Талиб сәнадымен келген риуаят қате. Дұрысы Асым Зәйд ибн Али сәнадымен келген риуаят».

Сүннеттің Құранға сәйкес келуі мәселесінде Бишр ибн Нүмейір арқылы хазірет Алиден келген риуаятқа қарағанда, Расулулла (с.а.у.) былай бұйырған: «Алдағы уақытта менен сендерге хадис жеткізетін көптеген адамдар ортаға шығады. Құранға сәйкес түрде жеткізілгендері менің сөзім. Құранға сәйкеспейтіндері болса, менікі емес». Осы риуаяттың сәнатындағы Хұсайын ибн Абдуллаһибн Дамира және Бишр Нүмейір, ибн Мағин сияқты рауисыншыларының сынынан өте алмағандықтан дәлел ретінде келтіруге жарамайды деген тұжырымға келген.

Бәйхақи осы мағынадағы басқа да риуаяттарды дабылайша тізбектеп берген: Салихибн Мұса арқылы Әбу Һұрайрадан Расулулланың (с.а.у.) былай дегенін риуаят еткен: «Мен айтқан деген түрлі хадистер сендерге жететін болады. Олардың ішінен Алла Тағаланың кітабы мен менің сүннетіме сай келетіндер менікі, сай келмейтіндері менікі емес».

Осы хадистің риуаятында әлсіз рауилердің қатарына жататын Салих ибн Мұса әт-Талхидің жалғыз өзі қалғандықтан дәлел ретінде келтіруге болмайды. Ал хадистегі «Алланың кітабы мен менің сүннетім» деген сөздің келуіне байланысты бұл риуаят, сүннетті қабылдайтындарға қарсы емес. Керісінше олар үшін дәлел болады. Тағы да Әбу Һұрайрадан Яхя ибн Адем ибн Әбиз-Зиб Садид әл-Макбури арқылы келген риуаятқа қарағанда, Расулулла былай деген екен: «Менен сендерге ұнамды әрі жатсынбайтын бір хадис жететін болса, оны мен айтсам да айтпасам да құптаңдар. Өйткені мен сендерге ұнамды жақсы нәрселер айтамын; ұнатпайтын нәрселер айтпаймын. Дегенмен менен сендерге ұнамайтын оғаш сөздер жететін болса, оны қолдамаңдар. Өйткені мен, ұнамсыз оғаш сөздерді айтпаймын».

Ибн Һұзаймә (ө.311/923) осы хадистің сәнадын тексере келе былай деп сынға алады «Дүниенің ешқандай жерінде Яхя ибн Адемнің риуаятынан басқа ибн Әбиз-Зибидің жеткізген хабарын білетін әрі осы хадисді Әбу Һұрайрадан алған хадисшіні кездестірмедім». Сондай-ақ Бәйхақи хадисті һәм рауиі Яхя ибн Адем, һәм мәтіні жағынан да негізсіз хадистердің қатарына жатқызып өте өрескел қайшылықтар бар екендігін білдіре отырып, кейбір рауилердің сәнадында Әбу Һұрайраны көрсетпей де хадисті мүрсәл (сәнадында бір сахаба көрсетілмеген хадис) деп риуаят еткендігін айтқан. Сондай-ақ, Бұхаридің де Әбу Һұрайраны сәнадта көрсетпеуді қателікке жатқызғандығын, сонымен қатар хадистің кейбір риуаяттарында «Менен бір хадис риуаят еткендеріңде, оны Алланың кітабымен салыстырыңдар» деген мағынаның орын алғанын білдірген.

Харис ибн Нәбхан Мұхаммед ибн Абдуллаһ әл-Арзәми Абдуллаһ ибн Сайд ибн Әби Сайд арқылы Әбу Һұрайрадан келген риуаят былайша: «Сендерге жеткен, алайда оны шын мәнісінде мен айтпаған жақсы сөзді мен айтқан болып саналамын». Бұл хадис сахих емес, ойдан шығарылған. Өйткені сәнадындағы Харис пен Арзәми атты рауилер, сөзі қабылданбайтын рауилердің қатарына жатады.

Абдуллаһибн Сайд болса, Әбу Һұрайрадан алған риуаяттарда (Әбу Һұрайраны аттап өтіп) көптеген олқылықтар жіберген. Ал Әбу Һұрайрадан келген басқа бір риуаят, осы риуаяттың бірбөлігіне қайшы келеді. Әбу Машер әс-Синди Сайд әл-Макбури арқылы келген әрі Әбу Һұрайрадан алынған деген бір хадиске қарағанда Расулулла былай депті: «Сендерден біреу орындығына шалқайып отырып алып, оған айтылған сөздерге «Маған Құран жетеді» деп қарсылық білдіргенін естімейтін болайын! Сендерге жеткен жақсы сөз, шын мәнінде менікі болса да болмаса да оны мен айтқан боламын. Бірақ сендерге менен жаман сөз жеткізетін болса,оны қабылдамаңдар. Өйткені мен жаман сөз айтпаймын».

Бәйхақи осы хадистің бас жағы сахих хадиске сайкелетінін, ал мәтініндегі «менікі болса да болмаса да» деген бөлігінің хазірет Пайғамбар айтты дегенге келмейтінін әрі қабылдауға тұрарлық сөз еместігін айтқан. Абдуррахман ибн Сәлман Әбул-Хубәйрис Мұхаммедибн Жүбәйір ибн Мутим сәнадымен келген риуаятқа қарағанда, Расулулла (с.а.у.) былай деген екен: «Менен сендерге жеткізілген жақсы сөздерді құптаңдар; ұнатпаған сөздеріңді қолдамаңдар. Өйткені мен, сендергеұнамайтын сөз айтпаймын. Ондайлар менің сөзім емес».

Бәйхақи жоғарыдағы хадистің сәнады толық еместігін айтып, осы тақырыпқа байланысты риуаяттардың ішінде сәнады ең дұрысы ретінде, Рабия Абдулмәлік Әбу Усайкибн Сайд ибн Сүбәйд Әбу Хамид (немесе Әбу Усәйд) арқылы келген мына хадисті келтіреді: «Менен сендерге жеткен бір сөз, көңілдеріңе қонымды, сезімге әсерлі болып, оны өздеріңе жақын сезінсеңдер ол сөзді айтуға ең лайықты мен боламын. Бірақ менікі деп келген сөз,көңілге қонымсыз, жиіркеніш тудырып, сендерге жат болыпкелсе, ондай сөзден аулақ болатын да менмін».

Бүкәйр Абдулмәлік ибн СайдАббас ибн Сәһл арқылыкелген бір риуаятқа қарағанда Убәй былай деген: «Расулулладан сендерге, жақсы әрі көңілге қонымды бір сөз жеткізілсе, Елшінің аузынан қайырлы сөзден басқа сөз шықпайтынын біліп қойыңдар». Бұхари осы риуаят жайлы былай дейді:«Бұл хабар Әбу Хамид (немесе Әбу Усәйдтен) келген риуаяттан әлдеқайда дұрыс».

Ибн Ләһия дәл осы мағынаға келетін басқа бір хабарды,Бүкәйр ибн әл-Әшәж Абдулмәлік ибн Сайд Қасым ибн Сүһәйл арқылы Убәй ибн Қағбтан алған. Қалай болғанда да Расулулланың айтқаны нақты болған хадистер, ақылға қонымды әрі діннің негізіне сай келеді. Расулулланың діндегі алатын орны мен оған мойынсұну керектігін білетін әрі оның сөздерінің шын екендігін есенетін, үкімдерін орындайтын әрбір ойы орамды, көкірек көзі ашық адам одан қашпайды. Оның хадистері шариғи жағынан жақсы әрі ұнамды болғаны сияқты, ойлы адамдар үшін ахлақ тұрғысынан да жақсы әрі ұнамды болып келеді. Жоғарыда айтылған әрі дұрыс деп мақұлданған хабарлардан осындай тоқтамға келуге болады.

материал «Сүннеттің діндегі орны» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: