23
Сейсенбі,
Сәуір

һижри

Тақуалықтың артықшылығы туралы хадистер

Тақуалықтың артықшылығы туралы хадистер

Ислам тарихы

Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Әбу Зарға (Алла разы болсын): «Ақиқатында, тақуалықпен озбасаң, қызыл нәсілдіден де, қара нәсілдіден де артықшылығың жоқ», – деп айтқан (Ахмад).

Алла елшісі (с.ғ.с): «Қиямет күні болғанда Алла Тағала дауыстап шақырушыға бұйырып, ол: «Ақиқатында, мен байланыс жасадым, сендер де байланыс жасаңдар. Сендердің араларыңда ең тақуаларыңды ең құрметті еттім. Ал сендер тек: «Пәленшенің ұлы пәленше басқа бір пәленше ұлы пәленшеден артығырақ», – деп айтуды қаладыңдар. Міне, бүгін мен өзімнің байланысымды жоғары көтеремін, ал сендердің байланыстарыңды төмен түсіремін, тақуалар қайда?» – деп дауыстайды (Байһақи, Табарани).

Алла елшісі (с.ғ.с) алты күн бойы: «Ей, Әбу Зар! Бұдан кейін өзіңе айтылатын нәрсені ұғып ал», – деп айтты. Жетінші күні Алла елшісі (с.ғ.с): «Жасырын және жария ісіңде Алладан қорқуды ғана өсиет етемін. Қателік істеп қойсаң, артынша жақсылық істе. Қамшың түсіп кетсе де, ешкімнен еш нәрсе сұрама. Аманатты өзіңе иеленіп алма», – деді (Ахмад).

Бір ер адам Пайғамбарға (с.ғ.с)  келіп: «Уа, Алланың пайғамбары! Маған өсиет айтыңыз», – дейді. Ол (с.ғ.с): «Саған Алладан қорқуды өсиет етемін. Өйткені бұл – барлық жақсылықтың көзі», – деп айтты (Әбу Яғла).

 материал «Әз Пайғамбар хақ жолы» кітабынан алынды,

 ummet.kz

Бөлісу: