12
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Алла Тағала мұқтаж емес нәрсенің барлығына біз мұқтажбыз

Алла Тағала мұқтаж емес нәрсенің барлығына біз мұқтажбыз

Ислам тарихы

Алла Тағала ештеңеге мұқтаж болмағанымен, біз барлық нәрсеге мұқтажбыз.

Күн нұрын шашып, күндізімізді жап-жарық қылып тұрады. Ай болса, шырақ болып түнімізді әшекейлейді.

Түнгі аспанға қарағанымызда, миллиардтаған жұлдыздар қиялымызға қараңғылық толмасын деп көздерін қысып, жымыңдап тұрады.

Жаңбыр жауып, далаларымызды, тауларымызды суғарады. Тау қойнауынан бұлақтар атқылап шығып, тұнық суларымен шөлімізді қандырып, көңілімізді сергітеді. Алып таулар жерімізді шайқалтпай ұстап тұру үшін жер бетіне қазықтай қадалған…

Тоғайлар, бау-бақшалар біз былғаған ауаны тазалап тұру үшін күн-түн демей қызмет етеді. Сансыз ағаштардың сансыз бұтақтарындағы сан жетпес жапырақтар өкпемізбен дем алған оттегіні көбейту үшін бейне бір зауыттай тыным таппай істеп тұрады. Міне, осының бәріне біз өте мұқтажбыз. Демек, ештеңеге мұқтаждығы жоқ Алла Тағаланың барлық нәрсеге мұқтаж пенделеріміз.

Бұл әлем біз үшін жұмыс істеп, бізге қызмет етіп жатыр…

Сиырлар әдемі сүт шығаратын фабрика сынды. Қойлардың жүнінен қыста жауратпайтын киімдер даярланады. Аралар болса, кім үшін бал шығарып жатқаны белгілі!

Тауықтар дәмді жұмыртқаларын біз үшін туып жатқанын білеміз.

Таулардың қойнауындағы әртүрлі кен байлықтары: көмір, темір, алтын, күміс, мұнай т.б. Бәрінің біз үшін санап бітіре алмайтын пайдалары бар екені белгілі.

Адам баласы жер бетіне аяқ басысымен бізге ең керекті болған темірді Алла Тағала ғарыштың сонау түкпірінен жер жүзіне метеорит жаңбырындай жаудырып түсіріп берген. Бұлардың бәріне біз мұқтаж болғанбыз.

Біз ештеңеге мұқтаж емес Алла Тағаланың әр нәрсеге мұқтаж пенделеріміз. Алла Тағала бәрін біз үшін жаратып берген. Ал біз ше?

материал «Алланы танығым келеді» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: