28
Жексенбі,
Сәуір

һижри

«Сәрсенбінің сәтті күні» деген сөздің негізі бар ма?

«Сәрсенбінің сәтті күні» деген сөздің негізі бар ма?

Ислам тарихы

«Сәрсенбінің сәтті күні» деген сөзге негіз болар риуаят бар.

Бірақ ол риуаятты хадисші ғалымдар хадис ретінде қабыл етпей, оны негізі жоқ хадистер категориясына жатқызған (Лә аслә ләһу). Әйтсе де, деректерге қарағанда «әл-Һидая» атты атақты фиқһ кітабының авторы Ханафи ғұламасы Имам Марғинани (р.а.) үнемі дәрістерін сәрсенбі күні бастап, оның себебін осы риуаятқа тірейді екен. Ол риуаятта былай делінеді:

«Сәрсенбі күні не нәрсені істеп бастаса да, онысы аяқсыз қалмайды» (Әл-Хафиз әс-Сахауи: «әл-Мақасыйдуль Хасана»).

Яғни, «сәтті күн» деген ұғымда. 

Ендеше, көріп отырғандарыңыздай, қазақ халқының көнеден бері айтып келе жатқан бұл нақыл сөзі де әлгіндей діни мәліметтен бастау алады деуге негіз бар.

Құрметті сауал жолдаушы, өзіңіз айтқандай, Алланың әр күні сәтті күн. Бірақ, сәрсенбіні сәттілікке болжау – қалған күндердің сәтсіз екендігін білдірмейді. Мысалы, Алла елшісі өзге күндерден гөрі бейсенбі күні сапарға аттанғанды ұнататын болған. Алайда, бұл басқа күндері жолға шығудың дұрыс еместігін білдірмейді. Сол сияқты, сәрсенбінің сәтті саналуынан да өзге күндердің сәтсіз екендігін аңғаруға болмайды. Олай деудің дінге қайшылығы жоқ.

материал «Заман тудырған сұрақтар, І том» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: