27
Сенбі,
Сәуір

һижри

Тамақ әзір болғанда намазды кейінге қалдыру дұрыс па?

Тамақ әзір болғанда намазды кейінге қалдыру дұрыс па?

Ислам тарихы

Тамақ әзір болғанда алдымен тамақтанып, намазды артынан өтеген жөн.

Айша анамыздан (Алла разы болсын) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Тамақ әзір болғанда, сондай-ақ үлкен және кіші дәрет қысқанда намаз оқылмайды», – деген (Муслим, Ахмад, Әбу Дәуіт).

Қарны аш әрі намаз шықпайтындай уақыты бар адамның алдына ас келсе, тамақтанбастан бұрын намаз оқуы – мәкруһ. Себебі адам намазға ниет еткенімен, барлық ой-санасы тамақта болуы мүмкін. Егер намаз оқитын уақыт аз қалып, тамақтанып болғанша оның уақыты шығып кетеді деп күдіктенсе, алдымен намаз оқу керек.

материал «Ислам әдептерінің энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: