26
Жұма,
Сәуір

һижри

Пайғамбардың (с.ғ.с) тамаққа қатысты екі тыйымы

Пайғамбардың (с.ғ.с) тамаққа қатысты екі тыйымы

Ислам тарихы

Әбу Жухайф Уахуа ибн Абдулла (Алла разы болсын) былай дейді:

«Пайғамбардың (үйінде) болғанымызда онда болған бір кісіге: «Мен тамақ ішкенде ешнәрсеге сүйенбеймін», – деді» (Бухари, Ахмад, Тирмизи, Әбу Дәуіт, Ибн Мәжә, әд-Дарими). Әл-Хаттаби былай дейді: «Бұл жердегі «сүйенуші» дегені ол отырушының өзі отырған төсекке сүйенгені». Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Мен төсекте және жастықта тамақты көп жегісі келген адам секілді отырмаймын, керісінше, тек керекті ғана мөлшерде және кез келген уақытта тұрып кететін адамның отырысымен отырамын», – деп айтпақшы болған дейді. Етпетінен жатып тамақ ішпеуге байланысты ибн Омар (Алла разы болсын): «Алла елшісі (с.ғ.с) тамаққа қатысты екі нәрседен тыйды: арақ ішілген дастарханға отыруды және адамның етпетінен жатып тамақ жеуін», – деген (Әбу Дәуіт, Ибн Мәжә).

материал «Ислам әдептерінің энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: