26
Жұма,
Сәуір

һижри

Жұма және жамағат намаздарының артықшылығы

Жұма және жамағат намаздарының артықшылығы

Ислам тарихы

Жұма және жамағат намаздарының артықшылығы:

1. Алла елшісі (с.а.с.): «Кімде-кім ғұсыл құйынып, жұма намазына келсе және өзіне белгіленген намазды оқыса, сосын имам құтпа жасап болғанша үнсіз отырса, содан кейін онымен бірге (жұма) намазын оқыса, онда оның келесі жұмаға дейінгі және одан кейінгі үш күн ішінде (істеген) күнәлары кешіріледі»;

(Екінші риуаятта:) «Ал кім құтпа кезінде (алаңдап,) қиыршық тастарды терсе, бос әрекеттер жасаған болады»;

2. «Кімде-кім жұма күні жүніптіктен тазаланғандай ғұсыл құйынып, (мешітке) барса, құрбандыққа түйе шалғандай болады. Ал кім (мешітке) екінші сағатта барса, құрбандыққа сиыр сойғандай, кім үшінші сағатта барса, құрбандыққа мүйізді қошқар шалғандай болады. Кімде-кім төртінші сағатта барса, бір тауықты құрбандық еткендей, бесінші сағатта барған адам жұмыртқаны құрбандық еткендей болады. Ал имам (құтпа жасауға) шыққанда, періштелер құтпа тыңдауға келеді»;

3. «Кімде-кім құптанды жамағатпен оқыса, түннің жартысын намаз оқумен өткізгендей, ал кім таң намазын жамағатпен оқыса, түні бойы намаз оқығандай болады»;

4. «Ер кісінің жамағатпен оқыған намазы оның жеке оқыған намазынан жиырма жеті есе артық», – деген.

материал «Құлшылық және сенім» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: