15
Сәрсенбі,
Мамыр

һижри

Алла Тағаланың берген нығметіне сай киініңіз

Алла Тағаланың берген нығметіне сай киініңіз

Ислам тарихы

Дінімізде Алла Тағаланың адам баласына берген дәулетіне сай, әдемі киінуіне тыйым салынбаған.

Әбу Әхуастан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте былай делінеді: «Бір күні (хадисті жеткізген сахаба) Пайғамбарға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) оған: «Сенің дүниең бар ма?» - дейді. Ол: «Маған Алла Тағала түйе, қой, жылқы және құл берді», - дейді. Сонда Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Егер саған Алла дүние берсе, онда Оның нығметінің ізі мен кеңдігі сенің бойыңнан көрінсін», - дейді» (Әбу Дәуід, 4063).

Демек, өзіңде жоқты бар етіп көрсетіп, тым қымбат киім киюі жөн көрілмейтіндігі сияқты, бар болып тұрып, тым жұпыны киім киген хош емес. Абай атамыз он сегізінші қара сөзінде: «Адам баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп, һәм ол киімін былғап, былжыратып кимей, таза кимек – дұрыс іс. Ләкин өз дәулетінен артық киінбек, не киімі артық болмаса да, көңіліне қуат тұтып, тым айналдырмақ – кербездің ісі», - деп айтуы осыдан.

материал «Ислам әдептерінің энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: