21
Сейсенбі,
Мамыр

һижри

Туған күнде тортқа балауыз шам (свеча) жағуға дін не дейді?

Туған күнде тортқа балауыз шам (свеча) жағуға дін не дейді?

Ислам тарихы

Деректерге сүйенсек, туған күнде тортқа балауыз шам (свеча) жағу үрдісі – сонау грек халқына сүйенеді екен.

Ертеректе гректер «артемис» деп аталатын «ай құдайына» арнап торт пісіреді екен де, үстіне балауыз шамдарды айналдыра жағатынға ұқсайды. Торттың домалақтығы – айдың домалақтығының символы болса, шетіндегі шамдар айдың жарығын еске түсіреді.

Бұнымен қатар, шамның түтіні сол жерде тілеген тілекті ай құдайы артимусқа жеткізіп барады-мыс. Торттағы шамды көзді жұмып, іштей тілек тілегеннен кейін барып үрлеп өшіруіндегі мақсаты сол.

Шариғи тұрғыда:

Шариғаттағы үкіміне келер болсақ, Пайғамбарымыз айтады: «Кім бір қауымға ұқсаса, ол солардан», - дейді.

Ханафи мәзһабының ғұламасы әйгілі Зинуддин ибн Ибрахим Ибн Нужәим әл-Ханафи (х.926/970. м.1520/1563ж.) былай дейді:

«Бір әрекетіміздің өзге діндегілерге ұқсап кетеді деуіміз үшін екі шарт бар:

1.Аталмыш әрекеттің өзі шариғатта тыйым салынған болуы керек

2.Сол әрекетті өзге діндегілерге ұқсау мақсатында жасаған болуы керек.

Түйін сөз:

Біздің қоғамда тортқа шам жағуды көбіне батыстағыларға еліктеп жасап жатамыз. Өйткені, біздің салт-дәстүрде аталмыш әдет кездеспеген. Сол себепті айтарымыз, қазақы дәстүрімізге және дінімізге жат әдеттерден бойымызды аулақ ұстаған жөн.

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: