17
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Кім Ібілістің айтқанын тыңдаса, дінінен айрылады

Кім Ібілістің айтқанын тыңдаса, дінінен айрылады

Ислам тарихы

Әбу Бәкір (р.а) айтқан:

«Ібіліс алдыңда тұр. Нәпсің оң жағыңда тұр. Әуейілік (желік) сол жағыңда тұр. Дүние артыңда тұр. Дене мүшелерің жан-жағыңда. Жаббар Иең төбеңде. Алланың лағынеті болғыр Ібіліс дініңді таста дейді. Нәпсің асылыққа шақырады. Әуейілік нәпсіқұмарлыққа шақырады. Дүние ақыретіңді өзіне айырбастауыңа шақырады. Дене мүшелерің күнәларға шақырады. Ал, Жаббар Иең жәннат пен жарылқануға шақырады. Алла Тағала Кітабында: «Алла жәннатқа және жарылқануға шақырады» (Бақара, 221), – деген.

Кім Ібілістің айтқанын тыңдаса, дінінен айрылады. Кім нәпсісін тыңдаса, рухынан Жоғ айрылады. Кім әуейілікке ерсе, ақылынан айрылады. Кім дүниенің айтқанын тыңдаса, ақыретінен айрылады. Кім дене мүшелерінің азғыруына ерсе, жәннаттан құр қалады. Кім Алла Тағаланың аятына құлақ асса, оның жамандықтары жуылып, хисапсыз қайырлылыққа кенеледі».

материал «Қайтар күнге дайындық» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: