29
Дүйсенбі,
Сәуір

һижри

Ең көп хадис жеткізген сахабалар

Ең көп хадис жеткізген сахабалар

Ислам тарихы

Сахабалар жеткізген хадистерінің санына қарай екі топқа бөлінеді. Мыңнан артық хадис жеткізген сахабалар.

Олар «әл-Муксирун» деп аталады. Олардың саны – жетеу. Бұлардың ішінде 5374 хадис жеткізумен Әбу Һурайра (Алла разы болсын) көш бастайды.

Абдулла ибн Омар ибн әл-Хаттаб (Алла разы болсын) 2630 хадис риуаят еткен.

Әнәс ибн Мәлик (Алла разы болсын) 2286 хадис риуаят еткен.

Мүминдердің анасы Айша бинт Әбу Бәкір (Алла разы болсын) 2210 хадис риуаят еткен.

Абдулла ибн Аббас (Алла разы болсын) 1660 хадис риуаят еткен.

Жәбир ибн Абдулла (Алла разы болсын) 1540 хадис риуаят еткен.

Әбу Сағид әл-Худри (Алла разы болсын) 1170 хадис риуаят еткен.

Мыңнан аз хадис жеткізген сахабалар. Олар «әл-Муқиллун» деп аталады. Олардан 500-1000 аралығында хадис жеткізген сахабалардың саны төртеу:

Абдулла ибн Масғуд (Алла разы болсын) 848 хадис риуаят еткен.

Абдулла ибн Амр (Алла разы болсын) 700 хадис риуаят еткен.

Омар ибн әл-Хаттаб (Алла разы болсын) 537 хадис риуаят еткен.

Әли ибн Әбу Талиб (Алла разы болсын) 536 хадис риуаят еткен.

 

Одан белек 500-ден төмен хадис жеткізген сахабалар бар. Олар: Мүминдердің анасы Умму Сәләмә (Алла разы болсын) 378 хадис риуаят еткен.

Әл-Баро ибн Азиб (Алла разы болсын) 305 хадис риуаят еткен.

Әбу Зәрр әл-Ғифари (Алла разы болсын) 281 хадис риуаят еткен.

Имран ибн Хусейн (Алла разы болсын) 180 хадис риуаят еткен.

Жүзге жуық хадис жеткізген сахабалар: Зәйд ибн Сәбит (Алла разы болсын) 95 хадис риуаят еткен.

Мүминдердің анасы Мәймуна (Алла разы болсын) 86 хадис риуаят еткен.

Зәйд ибн Арқам (Алла разы болсын) 70 хадис риуаят еткен.

Мүминдердің анасы Хафса (Алла разы болсын) 60 хадис риуаят еткен (Ибн Абдулбарр, «әл-Истиғаб фи мағрифатил асхаб», 24-25 бет).

материал «Сахабалардың сәулелі ғұмыры» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: