03
Жұма,
Мамыр

һижри

Қиындықта мұсылмандармен бірге болудың сауабы

Қиындықта мұсылмандармен бірге болудың сауабы

Ислам тарихы

Салманнан (Алла оған разы болсын) риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Соғыста немесе мұсылмандарға қиыншылық туған кездерде олармен бір күн және бір түн бірге болу бір ай ораза ұстап, намазға тұрудан жақсы.

Ал егер ол өлсе, оған бұрын істеп жүрген (ізгі) амалдары жалғасын тауып жазылып тұрады және ризығы үзілмейді, азаптардан құтылады», – деген.

Имам ән-Нәуәуи: «Бұл – қиыншылық туған кездері мұсылмандармен бірге болған адамға көрсетілер сый-құрмет, ал өлгеннен кейін ізгі амалдарының жалғасын тауып жазыла беретіні – тек өзіне ғана арналған, ешкім ортақтаса алмайтынқұрмет», – деген.

Пайғамбар (с.а.с.): «Әрбір мәйіт өзінің амалын аяқтайды. Тек «Мурабит» соғыста немесе мұсылмандарға қиыншылық туған кездері олармен бірге болған жанның амалдары Қиямет күніне дейін өсе береді және қабір қиыншылықтарынан құтқарады», – деген.

материал «Қабір азабы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: