15
Сәрсенбі,
Мамыр

һижри

Кімде-кім Алла Тағаламен жүздесуді жақсы көрсе…

Кімде-кім Алла Тағаламен жүздесуді жақсы көрсе…

Ислам тарихы

Айшадан (Алла оған разы болсын) жеткен бір хадисте Пайғамбарымыз (с.а.с.):

«Кімде-кім Алламен жүздесуді жақсы көрсе, Алла Тағала да онымен жүздесуді жақсы көреді, ал кім Алламен жүздесуді жек көрсе, Алла Тағала да онымен жүздесуді жек көреді», – деген. Сонда Айша: «Уа, Алланың елшісі! Ал өлімді жек көру (қаламау) ше?» – деп сұрады.

Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Әлбетте мүмінге өлім келген кезде оны Алланың рахметімен, разылығымен және жаннатымен қуантады, сөйтіп ол Алла Тағаламен жүздесуді қалайды, Алла да онымен жүздесуді жақсы көреді. Ал кәпірге өлім келген кезде Алланың азабы мен ашуы күтіп тұрғанын ескертіліп, ол Алламен кездескісі келмейді. Алла да онымен кездесуді жек көреді», – деді.

материал «Қабір азабы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: