«Сіздердің ең қайырылыларыңыз (жақсыларыңыз) – Құранды үйреніп әрі басқаларға үйреткендеріңіз»;
«Кімде-кім Алланың кітабы Құраннан бір әріп оқыса, оған бір сауап беріледі. Әр сауаптың сыйы ретінде он есе тағы сауап жазылады»;
«Кімде-кім Алланың кітабы Құраннан бір аят тыңдаса, оған еселеп сауап жазылады. Кімде-кім Құраннан бір аят оқыса, қиямет күні өзіне нұр болады»;
«Құран оқыңыздар. Өйткені Ол қиямет күні оқығандарға шапағат етеді»;
«Кімде-кім Құран Кәрімді оқып, онымен амал ететін болса, қиямет күні ата-анасының басына тәж кигізіледі, нұры дүниедегі күн сәулесінен де жарық болады. Енді сіздер Құранмен амал еткендердің сауаптарын өздеріңіз есептеңіздер».
Пайғамбарымыз (с.а.у.) Әбу Зәрге былай дейді: «Таңертең үйден шығып Алланың кітабы Құраннан бір аят үйренуің сен үшін жүз рәкағат (нәпіл) намаздан да қайырлы».
«Кімде-кім Құранды оқып оны жаттаса, халалын халал, харамын харам деп таныса, нәтижеде Алла оған жәннаттан орын беріп, туған-туысқандарынан жәһәннамдық болған он адамға оны шапағатшы етеді».
материал «Негізгі діни мағлұматтар» кітабынан алынды,
ummet.kz