17
Жұма,
Мамыр

һижри

Адам денсаулығына қауіпті тағамдық қоспалар

Адам денсаулығына қауіпті тағамдық қоспалар

Ислам тарихы

Натрий глутаматы (Е 621 немесе глутамин аминқышқылының натрий тұзы) – тіл рецепторларының сезімталдығын күшейту арқылы дәм түйсіктерін күшейтуге арналған күмәнді қатарындағы тағамдық қоспа.

Натрий глутаматының құрамында қоректік заттар жоқ, оның орнына ол біздің миымызды алдайды, соның нәтижесінде сіз, өзіңіз жеп отырған тамақ өте дәмді деп ойлайсыз.

- бас ауруы,

- ұйқышылдық,

- жүрек қағысының жиілеуі,

- бұлшық еттердің әлсіздігі,

- қызу және т.б.,

- адам миына қалпына келмейтін зақым келтіретіндігі,

- аллергия,

- бала денсаулығына қауіпті (Ғалымдардың көптеген тәжірибелері осы қоспаны тұтыну нәтижесінде баланың миы мен көру қабілетіне қалпына келмейтіндей зақым келетіндігін дәлелдеді).

 

Жасанды тәттілегіштер

Е956 Алитам – түрленген пептид, қанттан 2000 есе тәтті

Е951 Аспартам – пептид, қанттан 160-200 есе тәтті

Е962 Аспартам – ацесульфама соль – 350 есе тәтті

Е950 Калий ацесульфам – қанттан 200 есе тәтті

Е959 Неогесперидин дигидрохалкон – қанттан 1500 есе тәтті

Е961 Неотам – түрленген пептид, қанттан 8000 есе тәтті

Е954 Сахарин – қанттан 300 есе тәтті

Е955 Сукралоза – түрленген углевод, қанттан 600 есе тәтті

Е952 Цикламат – қанттан 30 есе тәтті

Жасанды тәттілегіштер – қанттан басқа тағамға тәтті дәмді беруге қолданылатын заттар.

 

Транс майлар

Тамақ өнімдерін өндірушілер тағамның дәмін арттыру, сақтау мерзімін ұзарту, және текстурасын жақсарту үшін ішінара гидрирленген майларды пайдаланады. Сонымен қатар, транс-майлар сарымайларға қарағанда өте арзан. Транс-майлар –  табиғи өсімдік майларының сутегі газымен өңделіп химиялық құрамының өзгеріске ұшыраған, синтетикалық, яғни жасанды майлар. Транс-майлардың екі түрі бар. Бірі – шөптесін жануарлардың ішектерінде яғни, малдың ет, сүт өнімдерінде кездесетін табиғи майлар. Екіншісі – жасанды майлар. Азық-түлік өнімдерінде аз мөлшерде болса да кездесетін трансмайларын үнемі тұтыну – қалыпты метаболизмді бұзып, ьсеміруді тудырады және жүрек-қан тамырлары аурулары: инфаркт, инсульттың пайда болуына, дамуына әкеледі. Өнімнің құрамында транс-майлар: маргарин, гидрирленген май, аспаздық (кулинарный) май, қаныққан (сатурированный) май, аралас (комбинированный) май, фритюрлік май деген атаулармен көрсетілуі мүмкін.

материал «Тағамдық қоспалар» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: