02
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Қашан, қалай және қайда ұйықтау керек?

Қашан, қалай және қайда ұйықтау керек?

Ислам тарихы

Көпшілік адамдар жұмыс пен қызығушылықтары үшін дұрыс ұйқыдан бас тартады. Ал зерттеу жұмыстары ұйқының жетіспеуін басқа ешнәрсемен алмастыруға болмайтындығын дәлелдейді. Ұйқы денсаулық, жұмыс өнімділігі және тіпті жастықты ұзартуда да маңызды орын алады.

Біздің өміріміздің үштен бір бөлігі ұйқыға кетеді.Егер Сіз 90 жыл өмір сүрсеңіз, оның 30 жылын ұйықтаумен өткізесіз. Мұның аз еместігі шындық қой? Сондықтан да ұйқы көптеген дүниежүзілік ғалымдардың (неврологтар,психологтар,антропологтар,әлеуметтанушылар) зерттеу пәні болып табылады. Ғалымдардың ұйқыға көңіл бөлгеніне салыстырмалы түрде көп уақыт болған жоқ. Ұйқы үдерісіне ғылыми қызығушылық пайда болғаннан кейін Гарвард пен Пенсильвания университетінде ұйқы орталықтары ашылған, көптеген зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Қанша уақыт ұйықтау керектігі барлық адамға қызық.

Түскі демалыс үшін ең жақсы уақыт — 13:00-ден 16:00-ге дейінгі аралық. Бірақ нақты уақыт Сіздің күн тәртібіңіз бен биоырғағыңызға байланысты болады. Мысалы, егер Сіз 10:00-да тұратын болсаңыз, небәрі 3 сағаттан кейін ұйықтағыңыз келмеуі мүмкін. Күндізгі ұйқыға үйрену керек. Бірнеше күн бойы бір уақытта ұйықтаңыз. Бірдей уақыт аралығында ұйықтауға тырысыңыз. Ұйықтап кетуге қажетті уақытты ескеріңіз. Егер Сіз 10 минут ішінде ұйықтап қалатын болсаңыз, онда толыққанды 20-минуттық күндізгі ұйқы үшін оятқышты жарты сағат бұрын қою керек.Кез келген жерде ұйықтауға болады: көлікте, үстел басында, сәкіде. Ұйқы ұзаққа созылмайды, сол себепті Сіз арқаңыз немесе мойныңыз ауырып оянамын деп қорықпаңыз. Дұрысы — жарық бәседетілген тыныш жер тауып алу. Егер кеңседе ондай жер болмаса, онда ұйқыға арналған бетперде немесе құлаққап пайдаланыңыз.

материал «Ұйқы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: