27
Дүйсенбі,
Қаңтар

һижри

Сенің мойныңдағы мұсылмандардың негізгі ақылары

Сенің мойныңдағы мұсылмандардың негізгі ақылары

Ислам тарихы

Сенің мойныңдағы мұсылмандардың негізгі ақылары төмендегілер:

1. Жолыққанда сәлем беру, Алладан оған амандық тілеу.
2. Шақырғанда бару.
3. Түшкірсе, Алладан оған рақым тілеу.
4. Ауырса, хал-жағдайын сұрап бару.
5. Көз жұмса, жаназасына қатысу.
6. Насихат сұраса, тура жол көрсету.
7. Басқалардың оны өсектеуіне жол бермеу.
8. Өзің қалаған нәрсеге оның да жетуін қалау.
9. Саған жақпаған мәмілені оған да қаламау. Бұлардың бәрі хадистерден айтылған.

Әнәс (р.а.) риуаят етеді: Алла Елшісі (с.а.с.): «Төрт нәрсе мұсылмандардың мойнындағы ақылардан. Олар:

1. Жақсы іс жасағандарға жәрдем беру;
2. Күнәһарлардың күнәлары кешірілуін тілеу;
3. Шариғат үкімдерінен бет бұрғандарды ол жолдан қайтару;
4. Жаман жолдан қайтқандарды сүю», – деп айтқан.

материал «Жүректің сырлары» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: