«Аллаһумма салли 'ала мән руухуһу михраабул әруаахи уәл мәләәикәти уәл кәун. Аллаһуммә салли 'ала мән һуә имаамул әнбиәәи уәл мурсәлиинә уә әһлил жәннәти уә 'ибаадилләһил му'минин».
Мағынасы: «Уа Раббым! Әзірет Мұхаммедке салауат ет, ол барша әлемнің құбыласы. Рухтар, періштелер және пайғамбарлар – барлығы олан шапағат күтеді. Уа Раббым! Менің пайғамбарым әзірет Мұхаммедке салауат ет. Өйткені ол пайғамбарлардың және елшілердің басшысы. Уа Раббым! Әкем әзірет Мұхаммедке салауат ет. Өйткені ол мүміндердің, жұмақтағылардың , пайғамбарлардың және елшілердің ең қайырлысы».
Біреу түсінде әзірет Фатима анамызды (р.а) көреді де сұрайды: «Мына салауат сенікі ме?» Әзірет Фатима (р.а): «Иә» дейді. «Бұны бір кісі бір рет оқыса, қандай сүйіншісі бар?» - деп сұрайды. Әзірет Фатима анамыз (р.а): «Егер осы салауатты 1 рет оқыса, теңіздердің барлығы сия болса, ағаштардың бәрі қалам болса, бұның сауабын жазып бітіре алмайды».
Әзірет Фатима анамыздың (р.а) бұл сөзіне таң қалып, осы салауаттың сауабын Пайғамбарымыздан (с.а.с) сұрайды: «Уа Расулалла! Әзірет Фатима былай деді. Бұл менің ақылыма сыймайды». Оған Расулалла: «Фатима не десе де дұрыс айтты» дейді.
материал «Сағынышқа толы салауат» кітабынан алынды,
ummet.kz