06
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Басшылық қылу әдептері: Қарапайым болу

Басшылық қылу әдептері: Қарапайым болу

Ислам тарихы

«Ұлық болсаң, кішік бол» деп ата-бабаларымыз айтқанындай, басшы адамның қарапайымдылығы, кішіпейілдігі оның жоғары адамгершілік қасиетінің көрінісі саналады. Адамзаттың асылы Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Алла Тағаланың сүйікті құлы бола тұра адамдардың ең кішіпейілдісі еді. Ол кісі (с.ғ.с) сахабаларымен бірге отырғанда кішіпейілділігі мен қарапайымдылығы себепті сырттан келген бөтен кісі қайсы адам пайғамбар екендігін ажырата алмай қалатын. Пайғамбарды (с.ғ.с) үлгі еткен әр мұсылман қандай жерде басшы болмасын кербездік, тәкаппарлық, менсінбеушілік, адамдарды мансабына қарап сыйлау сияқты т.б. істерден сақ болуы қажет.

Лұқман Хәкімнің ұлына айтқан маңызды өсиеттерінің бірінде: «Адамдардан жүзіңді кері бұрма әрі жер бетінде кердеңдеп жүрме. Ақиқатында, Алла әрбір өркөкіректі әрі мақтаншақты жақсы көрмейді», – деген («Лұқман» сүресі, 18-аят).

Miнe, осы себепті басшы адам өзіне берілген қызметті өзгелерге жақсылық жасап қалуы үшін берілген уақытша мүмкіндік деп білуі керек. Құранда Алла Тағала: «Барша мүліктің иесі, ya, Алла! Кімге қаласаң мүлік бересің де, кімнен қаласаң дәулетті аласың. Сондай-ақ кімді қаласаң ардақтайсың да, кімді қаласаң қорлайсың. Жақсылық Сенің иелігіңде. Шәксіз, әр нәрсеге күшің жетеді», – де», – деп айтқан («Әли Имран» сүресі, 26-аят).

материал «Ислам әдептерінің энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: