19
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Қиямет күні Пайғамбарды (с.ғ.с) көре алмайтындар кімдер?

Қиямет күні Пайғамбарды (с.ғ.с) көре алмайтындар кімдер?

Ислам тарихы

Айша анамыздын әңгімесі:

«Бір күні инемді жерге түсіріп алдым, оны іздейін деп шырақ жақтым. Бірақ, шырақпен де таба алмадым. Сол кезде Алла расулы келгенін көрдім, қуанып күлімсіредім. Маған: «Неге күлдің?» деп сұрады.

- Инемді жоғалтып, шырақпен де іздеп таба алмадым.

Ол орнына отырды. Бірден мүбарак жүзінен нұр жайылғанын көрдім, сол сәтте инемді тауып алдым.

Артынша былай деді:

- Мына кісілердін жағдайы мәз емес, маған қауыша алмайды, қиямет күні мені кере алмайды.

- Уа, Алланын елшісі, Қиямет күні сені көре алмайтындар кімдер? - дедім. Былай деді:

- Мені қиямет күні көре алмайтындар – сараң кісілер.

Қайта сұрадым:

- Ол сараң, кандай сараң кісі? Маған түсіндіріп айтыңызшы.

 Былай деді:

- Есімім айтылған жерде маған салауат айтуға ерінетін, оқымайтын кісі. Кімді-кім парыз намазынан кейін маған 10 рет салауат оқыса, Алла Тағала онын намазын қабыл етеді. Онын осы намазын Адама (a.с.) сәжде еткен періштелерден де басым тұратын періштелердің лауазымына жеткізеді. Ол лауазымдары бір періште: «Енді қандай қалауын болса cұpa, әр тілегін орындалады», - дейді.

Taғы бір хадисте Алла расулы былай бұйырған: «Мухаммед есімі еске алынған жерде, естіген кісі дереу бас бармағы мен қасыңдағы саусағын

көзінің үстінен жүргізсе, ол кісі кез ауруларына шалдықпайды, оның көзіне еш зиян келмейді».

материал «Сағынышқа толы салауат» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: