17
Жұма,
Мамыр

һижри

Не үшін Алланы намаздың басында, әр рәкәтта мадақтаймыз?

Не үшін Алланы намаздың басында, әр рәкәтта мадақтаймыз?

Ислам тарихы

Намазда ең алғаш болып оқылатын «Фатиха» сүресі – Құранның анасы деп аталған.

Ол кез келген мүмін адамның ең көп оқитын сүресі және Бисмилләден кейінгі алғашқы аят: «Бар мадақ, шүкіршілік атаулы күллі әлемдердің Раббысы – бір Аллаға болсын». Не үшін Алланы намаздың басында және әр рәкәтта мадақтаймыз, білесің бе? Өйткені Ол – әлемдердің Раббысы. Патшалар мен басшылардың Раббысы. Құлдардың, компания мен фирмалардың, жердегі бар байлық пен дәулеттің Иесі. Әйелдер мен балалардың Раббысы. Алла Тағала бұл нәрсемен бізді тыныштандырып немесе шабыт беріп, қуаттандыруды қалады. Осы аятты оқығанда өзіңе: «Тыныштал, жай тап, мен қазір әлемдердің Раббысының алдында тұрмын», – деп айтқандай боласың Әлемдердің жалғыз Жаратушы Құдайы – ол Алла. Оның құдіретіне жететін ешбір құдірет жоқ.

Сондай-ақ Құранда: «Бар мадақ пен шүкіршілік баласы да, күллі жаратылысқа жүргізген билігінде серігі де болмаған, сондай-ақ қамқоршы досты қажетсінетіндей қауқарсыз да болмаған бір Аллаға тән», - деп тәкбір айтып, Оны ұлықта.», - делінеді. [17:111]

Алла мен Оның мұғжизасы болған Құран өміріңді бейбіт әрі берекелі етуді үйретеді. «Ән-Нәхл» сүресінде Алла Тағала мынадай бір мысал берді: «Біреудің қол астындағы қауқарсыз құл мен өзіне Бізден көркем ризық берілген әрі оны жасырын я жария түрде игі жолда жұмсайтын адамды қара. Ол екеуі тең бе?» Қолында қауқары жоқ құл, яғни Алла Тағаланың құлы, тіпті ол алпауыт мемлекеттің басшысы, ең атақты компанияның директоры, ең қуатты әскердің қолбасшысы болса да ол – әлемдердің Раббысы Алланың алдында әлсіз құл болып қала бермек. Құдай Тағала оларды «ештеңе істей алмайтындар» деп сипаттаған, өйткені олар бәріне үстемдік ететін Құдіретті Құдайға тиесілі.

Қалайша біз қауқарсыз құл мен барлық нәрсеге құдіреті жететін Раббымыз Алланы тең дей аламыз?

материал «Мүмкіндік» кітабынан алынды,

ummet.kz


 

Бөлісу: