06
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

Аманаттардың үлкені – дін аманаты

Аманаттардың үлкені – дін аманаты

Ислам тарихы

Дін аманаты хақында Алла Тағала «Ахзаб» сүресінің 72-аятында:

«Рас, аманатты (дінді) көктер мен жерге және тауларға ұсындық. Сонда олар өздеріне жүктеп алудан бас тартты, жауапкершілігінен қорықты. Оны адам баласы өзіне жүктеп, мойнына алды. Өйткені, адам баласы өте залым, надан, білімсіз», – деп хабар береді.

Абдулла ибн Масғұд (р.а.): «Аяттағы келтірілген аманат – Аллаға болған ибадат және де бұл аяттағы тау-тастың, аспан мен жердің, адамнан басқа мақлұқаттың дін аманатынан бас тартуы – Алла Тағалаға итағат жасамағаннан емес, дін аманатының ақыреттегі есебінен қорықты. Ал, адам баласы өзіне зұлымдық етіп, мойнына алды», – деген. Ғұламалар: «Аманаттардың ең үлкені – дін аманаты», – дейді.

Егер кімде-кім дін аманатын орындап амал етсе – Алла тарапынан екі дүниеде сый-құрметке ие болады. Егер аманатқа қиянат етсе, Алланың алдында күнәға батады. Жалпы дін дегеніміздің өзі бір нәрсеге итағат ету, яғни бір тылсым күш иесі бар деп сену. Аллаға шүкір, қазақ халқы егеменді ел болғалы дін десе тік тұратын санаға ойысып келеді. Дін деген – міндетті түрде молда болып, сәлде шапан киіп, тек жаназа шығару емес. Әрбір пенденің міндеті Алланың дініне сеніп, құлшылық жасап, Аллаға қызмет ету.

материал «Мұсылман сипаты» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: