05
Жексенбі,
Мамыр

һижри

Мұхаррам айына тән төрт ерекшелік

Мұхаррам айына тән төрт ерекшелік

Ислам тарихы

Мұсылманша жыл басы Мұхаррам айы басталды! Осы орайда Мұхаррам айына тән төрт ерекшелікті назарларыңызға ұсынамыз. ⠀

1. Мұхаррам – Құранда баяндалған қасиетті төрт айдың бірі. Алла Тағала Құранда айтады: «Расында Алланың қасында көктер мен жерді жаратқалы Алланың кітабындағы айлардың саны он екі. Бұлардың төртеуі (Зүлқағда, Зүлхиджә, Мұхаррам және Ражәб) құрметті айлар». (Тәубе сүресі, 36) ⠀

2. Мұхаррам – Алланың айы әрі бұл айда тұтылған ораза – Рамазаннан кейінгі ең абзал ораза саналады. Сахаба Әбу Зарр жеткізген хадисте: «Түннің қайырлысы – ортасы, айлардың абзалы –Алланың айы болғандықтан мұхаррам» - делінсе, (Нәсәи, 4216) басқа хадисте «рамазан айынан кейінгі ең абзал ораза – Алланың айы мұхаррам айындағысы және парыздан кейінгі ең абзал намаз –  түнгі намаз» деп айтылған (Муслим, 1163) ⠀

3. Мұхаррам айының атауы – ислами болып табылады. Имам Суютидің айтуынша, басқа айлардың атауы жәһилият заманында бар еді. Жәһилият заманында мұхаррам айы «сафарул әууәл», ал келесі ай «сафару сани» деп аталатын. Ислам келген кезде, Алла оны «мұхаррам» деп атады, міне, осы себепті бұл айды Аллаға жалғайды. (әд-Дибаж: 3/352) ⠀

4. Мұхаррам айының 10-ы – Ашура күні. Бұл күні ораза тұтқан жанның өткен жылғы күнәлары кешірілетіні хадисте баяндалған. (Муслим, 1162)

материал «Ораза энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: