02
Бейсенбі,
Мамыр

һижри

Қарилардың өздерін ұстауы

Қарилардың өздерін ұстауы

Ислам тарихы

Көптеген адам Құран жаттап, сыртқы өмірге шыққан соң қысыла бастайды.

Алдын еркін өмірге үйренбеген соң, жаңадан өмір көріп жатқан сияқты күй кешеді. Сыртта жүргенде көбіне ұялып жүреді. Көпшіліктің алдында сөйлеуге қорқады. Көп комплексім бар деп өзін жайсыз сезінеді. Пенде болған соң комплекс (кемшіліктер) болады. Ол кемшіліктен ұялып, өзін кінәлау дұрыс емес.

Дене-пішіміңіз, сөйлеуіңіз, дауысыңыз – Алланың берген нығметі. Аллаға шүкір айтып, қуануымыз керек. Бізге берілген мүмкіндіктер басқаларға берілмеген болуы мүмкін. Сол себепті шүкір айтып, разы болуымыз керек.

Өз-өзіңізді дамыта отырып, дінге байланысты керекті ақпараттарды жинауыңыз керек. Аяттардың мағыналарын біліп, айтылатын жерде Алланың әмірлерін жеткізе білуіміз керек. Қосымша хадистер жаттап, басқаларға дінді көрсете білуіміз керек. Сөзімізбен, мінезімізбен, іс-әрекетімізбен дінді жеткізе алуымыз керек.

материал «Қарилыққа қадам» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: