18
Сенбі,
Мамыр

һижри

Әулиелерге және барлық иман иелеріне махаббат

Әулиелерге және барлық иман иелеріне махаббат

Ислам тарихы

Алла Тағала былай дейді: «Шындығында, сендердің достарың – Алла және Оның пайғамбары әрі шын пейілмен намаз өтейтін, зекет беретін, рукуғ қылатын Мүминдер». (Мәйдә, 55)

Бұл аят кәримада мұсылмандардың кіммен дос болуы және кімге сүйіспеншілік көрсету керектігі анық баяндалған:

1. Алла Тағалаға.

2. Алланың пайғамбарына.

3. Аллаға бой ұсынған бүкіл салих құлдар мен иман келтіргендерге.

Аллаға деген сүйіспеншілікте алдымен Мұхаммеди Нұрды, сосын Оның аяулы да ұлы болмысын, әулиелерді, сосын май құйғыш (воронка) секілді кеңейіп Алла алдында сүйікті болған әрбір тіршілік иесін дәрежелеріне қарай сүю шарт. Міне Аллаһқа қарай бағыт алуда осындай махаббат, рухтарға шипа көңіл көзі болып табылады. Ал, мұндай болмаған махаббат болса, әр түрлі ауруға шалдықтырады. Сондықтан береке Хазіреті Пайғамбарға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) және Оның мұрагерлері болып табылатын әулиелерге деген махаббатта, ал оларға тіл тигізіп қарсы шығу болса, екі дүниеде де өкінішке соқтырады. Бір қудси хадисте (қудси хадис – сөзі Пайғамбардан, мағынасы Алладан) былай делінеді: «Кімде-кім менің бір әулие құлыма дұшпандық жасаса, мен оған соғыс ашамын…» (Бұхари, Риқақ 38)

Алла Тағала барлық иман жайында: «Олар бір-біріне мархаматты, мейірімді…» (Фатх, 29) - деп баяндаған ақиқатқа әрбір мүмин назар аударуға тиіс. Хадис шәрифте жақсы мінез-құлықтың; «Келмегенге баруың, бермегенге беруің және саған жамандық жасағанды кешіруің» (Ихя Улумид-дин ІІІ, 1151) түрінде түсіндірілуі де аталмыш бағытқа сілтеу мақсатымен болған. Сондықтан мұсылмандар бір-бірімен қарым-қатынас жасау барысында мейірімділікпен сүйіспеншілік шеңберінен әсте шығып кетпеуі керек. Себебі, Алланы сүю мен оған жақындаудың жолы – сүйіспеншілікте. Сондай-ақ ұлы әулиелердің Алланың құзырында қадірлі болулары жақсы мінез қалыптастырулары және құлшылық етулері мен қатар бүкіл тіршілік иелеріне сүйіспеншілікпен, мейірімділікпен қарауларынан пайда болған. Сондықтан да аят кәримада салихтармен бірге болуды бұйырған, тіпті оларға пайғамбарға мұрагер болу мәртебесі сыйланған. Қайсы бір құл Пайғамбардың (с.ғ.с) нұрынан Алла досы (әулие) арқылы нәсібін алса, тікелей Пайғамбардан (с.ғ.с) алынғандай болады. Дәл жанып тұрған майшамнан, басқа бір май шамның жағылғаны сияқты. Майшамдарды жағып, айналаны жарық етіп тұрған от – бір от. Сол секілді құл майшамдардың ең соңғысы арқылы жарық көрсе де, сол жарық ең алғашқы отпен жарқырағаны үшін ұдайы түрде алғашқы нұрды шағылыстырады. Сондықтан кімде-кім біліп не білмей басқа біреу арқылы иләһи әдеміліктің тұтқыны болса, шын мәнінде қайран қалып ғашық болған әдемілік Алла Тағаланікі және оның бүкіл жаратылыстарға, соның ішінде адамға берілген көрінісі. Ешқандай күмән жоқ, бұл ақиқаттың ең күштісі Хазіреті Пайғамбарда (с.ғ.с) көрініс тапқан. Сондықтан да Хазіреті Пайғамбар (с.ғ.с) құлды Аллаға апаратын мейірім, шапағат көпірі болып табылады. Бұл шарапатты көпірдің шынайы жолаушылары болып табылатын Алланың әулие құлдарының көңілдері Сәуір айында нөсерлете жауған жаңбырлардың ірі-ірі маржандары секілді. Өздеріне сүйіспеншілікпен жақындаған көңілдерді Аллаһтың көмегі арқылы маржандай жарқыратады.

Мәснәуи деген кітапта былай делінеді: «Сөздің иесі болған Алла бұлтқа бір сыр айтты, оның көзінен атқылаған су секілді жас төгіле бастады. Гүлге бір сыр айтты, ол әр түрлі түспен және хош иіспен безенді. Тасқа бір сыр айтқаны сол-ақ еді, ол қымбат асыл тасқа айналды. Адамзатқа бір сыр берді, сол сырды сақтағандарды мәңгілік бақытқа бөледі. Яғни Латиф (әдемілік, көркемдік, сұлулық) сипатымен көрінген Алла, бұлыттан су ағызды; гүлді көркемдеді; тасты да асыл тасқа айналдырды». «Адамның бойына бір сыр берді. Сол сырды сақтап жүргендерді Ол мәңгілік бақытқа бөледі. Иләһи әлемнен шабыт алған бұл құбылыстар заттық әлемнің құтылып, Хаққа жақындау сырына жетті». Бұл сырлар әртүрлі жағдайда көрініс тапса да, сүйіспеншілік сыры екендігінде ешқандай күмән жоқ. Әр нәрсенің кемелденуі және әдемі болуы махаббат сырына жасырылған.

Хақ Тағала, біздерге сый ретінде Өзінің, Хабибінің және риза болғандарының махаббатын нәсіп етсін! Ақыретте азаптан құтылуымызға жетерліктей салих амал иесі болмастан, жүректерімізді Өзіне деген махаббаттың айбынды көріністерімен нұрландырмастан бұрын жан деген аманатты қайтарып алмасын!

материал «Махаббаттағы сыр» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: