06
Дүйсенбі,
Мамыр

һижри

«Шариғат – сөздерім, тариқат – істерім, хақиқат – жағдайым»

«Шариғат – сөздерім, тариқат – істерім, хақиқат – жағдайым»

Ислам тарихы

Алла Тағаланың «ахсәни-тақуим» ретінде (ең әдемі кейіпте) жаратқан адам баласы – ғаламның өзі немесе оның тұқымы секілді.

Себебі, жәмиул адад (бүкіл қарамақайшылықтарды жинаушы) болған Алланың барлық сипаттарынан азды-көпті несібесін алған тек адам баласы. Сондықтан да ол жаратылыстардың мырзасы, ардақтысы деп аталған. Ол, ең ұлы дәрежелерге жеткізетін сипаттарға ие болғаны сияқты, төмендердің ең төменіне де түсіретін сипаттарға да ие. Адам өмірі осы екі үйек арасында, яғни жақсылық пен жамандық арасындағы бір нүктеде тоқтаумен аяқталатын бір күрес сахнасы. Адамды адам еткен негізгі ерекшелік – бұл күресте жаратылыстағы негізгі гауһарды қорғай білу. Міне, кәміл адам дегеніміз осы. Осындай адамдар, өзінде әдеміліктер көрініс тапқан өнер туындысы, ғалам кітабының қорытындысы, Фатиха (әлемді тану үшін алдымен адамнан бастау керек) және жаратылыс сыры көрініс тапқан мекен болып табылады. Кәміл адамның болмысының өзі ағзаларын меңгергендіктен тұла бойы жүрегіндегі дәрежелердің көрініс сахнасы болып табылады. Жүрегі болса, Аллаға деген сүйіспеншілік пен махаббат мекені Мағрифатуллаһ қазынасының бейне үлкен сарайы. Сол үшін кәміл адамның жүрегі бәйтұллаһ сияқты болып қалған. Кемелденген адамды шын мәнімен түсіну және түсіндіру өте қиын.

Шейх Сади былай дейді: «Ішкі жан-дүние – ұлы Алланың назарын салатын мекені». Кәміл адамның сөздері – сырлы, ал істері болса – өте түзу. Ол Хазіреті Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) жан-дүниесінен нәр алған, ішкі жан-дүние болмысымен де жаңадан табылған өнер туындысы іспеттес. Себебі, Хаққа жету және Халифатуллаһ (Алланың өкілі) болу тек қана қалби сәлим (шынайы жүрек) арқылы болады.

Кәміл адам: «Шариғат – сөздерім, тариқат – істерім, хақиқат – жалпы менің қөңіл күйімен мен жағдайым,» - деген хадистен нәр алған. Хадис шәрифте былай делінген: «Алланың жер жүзінде ыдыстары бар. Раббыларыңыздың ыдыстары да салих (түзу) құлдардың жүрегі. Алла құзырында олардың ең сүйіктісі, ең жұмсақ және ең нәзік болғаны». (Табарани, Муснәдүш-Шамийн ІІ, 19) Осы хадистен ой түйе отырып кейбіреулер төмендегідей пікірлерді айтады: «Жер мен көкке сыймаған – мүминнің жүрегінде». Яғни Алла тек мүминнің жүрегіне ғана сияды. Кәміл адам жарықтың айналасында ұшып жүрген жынды көбелектер сияқты, Аллаға деген махаббаты себебімен бейне еріксіз халде. Яғни, Алла Тағала оның еститін құлағы, көретін көзі іспеттес. Тағдыр кәміл адам үшін болашақтың ең әдемісі. Иләһи көріністерді тамаша қылып жүргені үшін дүниеге қарасты ләззаттар, ойармандар оның көзқарасы бойынша түкке тұрмайтын қадірсіз нәрсе болып қалған. Өтпелі кезеннің ешқандай маңызы жоқ.

Кәміл адам иләһи әдеміліктерге ой жүгіртіп, тамашалап, қарап отырады. Әлем және ондағы болып жатқан оқиғалар ол үшін бір ғибрат болып табылады. Ол болып жатқан иләһи көріністер алдында өзінің құл екендігін және ешқандай құны жоқ екендігін түсініп, әдептілік сақтап отырады. Сондықтан Оның тілектері көбінесе қабыл болып, кері қайтарылмайды. Бірақ ол әдептілік пен Аллаға риза болу дәстүрі бойынша өзі үшін ештеңе сұрамайды. Дұғаларында өзіне орын бөлмейді. Жаратылысы мейірімділік ашытқысымен иленгендіктен бүкіл жаратылысқа көңілінің төрінен орын берген. Ол ғаламдағы иләһи жүйенің ең әдемі түрде, орнық-орнымен жасалғанын әрі терең құпияларға толы екенін әбден түсінген халде болады.

Кәміл адам нәпсісін әрдайым бақылап отырады. Сондықтан басқалардың қателіктері, дөрекіліктерімен айналыспайды. Адамдардың жасырын істерімен шұғылданбайды. Осы жөнінде білген нәрселерін паш етпейді. Кәміл адам ұлы жаратушының «Сәттәрул уюб» (айып істерді жабушы) деген сипатынан несібесін алған. Кәміл адамның өткінші дүние ләззаттарына көңіл аудармай қанағатшыл болып өмір сүруі басқалар тарапынан қаншалықты сыналса да, негізінде әркімнің қызғаныш көзімен қарайтын сондай жоғары дәрежеде айбындылықпен отырады. Дүниенің өзі оған бойұсыну бұйрығын алған.

Кәміл адам қандай жағдайда болмасын жақсылық пен құлшылықта болады. Алған демдері – тәспі, сөздерінен хикметтер (даналы сөздер) төгіледі. Оның жанары рухани нәр мен махаббат бұлағы. Оған қараған адам Жаратқан иесін есіне алады. Сұхбатына қатысқандар иләһи ләззаттың дәмін татып, шаттанып ғұмыр кешеді. Себебі кәміл адамның сұхбаты тыңдаушылардың көкірегіне пайғамбар нұрын ұялатып, әркімнің қабілетіне қарай рухани дәрежелерге жетелейді. Иләһи сырларға шөлдегендерге ақиқат шәрбәтінің дәмін таттырады.

Кәміл адамның көңілі топырақ астында шірімейді. Сондықтан олардың көңілдік шығармалары да мәңгібақи қала бермек. Мына жалған дүниеде көрсеткен қызметтерін Әруақ әлемінде де жалғастырушы Шах Нақшыбенд, Имам Ғазали Мәулана және Әдәбали (Алла олардың мәртебесін көтерсін) Хазреттері сияқты талай кәміл адамдар арамызда ғұмыр кешуде және біз өлгеннен кейін де жасай береді. Иләһи сырға қауышу, көбінесе дүние-мүлік, байлықсыз және атақ-даңқсыз, рухани өмір сүрудің нәтижесінде болады.

материал «Махабаттағы сыр» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: