04
Сенбі,
Мамыр

һижри

Ең бақытты жандар – жаны бар Құран халіне жете алғандар

Ең бақытты жандар – жаны бар Құран халіне жете алғандар

Ислам тарихы

Адамзатқа уағда қылындан екі дүние бақыты, тек Құранға бой ұсынумен ғана мүмкін. Әр ақиқат Құранға жасырылған, әр бақыт та, иманда көрініс тапқан. Әлемдегі ең бақытты, ең қайырлы жандар – онымен дем жұтып, дем шығарып, Құран көлеңкесінде өмірін өткізіп, оның өмірге жан бітіретін нұрымен нұрланған әрі онда фәни болған, яғни жаны бар Құран халіне жете алғандар.

Хазіреті Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хақында: «(Ей, Пайғамбарым!) Сен ақиқатында ұлы ахлаққа (мінезге) иесің!..» («Қалам»,4) деп айтылған иләһи баяндың ақиқатын түсіну үшін Хазіреті Айшадан: «Расулулланың (с.ғ.с) мінезі қандай еді?» деп, сұрағанда Мүминдердің анасы, бұл ұлы м незді былайша түсіндірген еді: «Оның мінезі, әдебі Құран еді». (Мүслим, Китабус – Салат, 746) Осыған орай: «Рахман (өте рақымды Алла) Құранды үйретті. Инсанды жаратты. Оған баянды үйретті». («Рахман», 1-4) аяттарына түсініктеме берілгенде: «Алла Құранды үйрету үшін адамды жаратты, баянды оған Құранды түсінсін деп үйретті» - делінген. Өйткені, Алла Тағаланың бұл қасиетті аяттарда әуелі Құранды үйретуінен, одан кейін адамды жаратқандығы жайлы айтуы – жаратылыс хикметінің астарлы түрдегі баяны. Демек бұл түсініктемеден түйілетін ой: Адамның жаратылуының тек мақсаты – дін мен ғылым екендігінің білінуі әрі Құран Кәрім алдындағы жауапкершіліктің толық түсінілуі. Себебі, адамзаттың құрмет-беделі Құран мен пайда болады. Сондықтан, адамға баян қабілеті иләһиб бұйрықтарды қабылдап, оған сүйіспеншілік көрсету, хикмет пен ғайыбтық көріністерге қол жеткізетін жаны бар Құран бола білу мақсатына орай берілген. Себебі, жалған дүниемен ақырет бақытының сырлары Құран Кәрімде жинақталған, сондай-ақ, бұл иләһи кітап (Құран) біздерге, өмір кітаби, құтылу репцепті ретінді ұсынылған.

Рахман болған Алла Тағаланың адамзатқа деген рахымдылығының ең үлкен, кең түрдегі көрінісі болған Құран – адамзат үшін құны мен бағасын тілмен жеткізуге мүмкіндік жоқ дәрежедегі ұлы нығмет. Ол адамзат пен барлық ғаламның табиғи заңдылықтары мен ережелерінің ең әдемі, ең тура тілмашы. Лаухул-Махфуздан түсірілген тек һидаят – жол көрсетуші кітап. Құран бізді ойлауға шақырады. Қараңғылықтан құтылуымыз үшін ғапылдық ұйқысынан оятады. «Адамзат кім? Қандай болмыс? Жаратылысы қалай басталған? Оған Құран мен баянның терең сырларын кім үйреткен?» – деген сияқты сұрақтардың иләһи жауаптарын береді. Құранның ең маңызды берекесінің бірі – адамның көкірек көзін ашу, әлемдегі сұлулық – әдеміліктермен сезіндіру, көкжиектер мен тіршілік иелеріндегі қайран қалдыратын ерекшеліктерді көрсете отырып, оны Раббысына деген махаббатқа жетелеп, тартуы. Рахман әлем сахнасындағы бүкіл нығмет, ғибрат пен құдірет ағыстарып адамның бас көзі мен ақыл көзіне ұсынады. Өйткені, адам баласы –  Тағаланың құдірет нышаны, жарату өнері.

Құрандағы ой әлеміне кірген кісі: «Бұл ғалам не? Қалай пайда болды? Бұл дүниеге қайдан және не үшін келдім? Өмір күнтізбегіндегі жалған күндердің ақиқаты не? Өмірді қылышпен кескендей тоқтатып қоятын ажал деген не? Сонда мен кіммін? Қандай өмір сүруім керек? Қалай жан тапсыруым керек?!» деген сияқты бітпейтін сұрақтардың жауабын табады әрі жаратқан иесінің ризалығын табу бағытында мәңгі бақи өмірге дайындық жасайды.

Мұсылманға: «Құран бағытында ғұмыр кеш! Оның мінезімен тәрбиелен! Мұсылман болған күйде жаныңды тапсыр!» деген бүйрықтарды берген Құран Кәрім – нұр мен зұлматты жаратқан Алла  тарапынан адамзатты нұрға қарық қылу үшін қальб-и Мұхаммедиеге (пайғамбарымыздың жүрегіне) түсірілген иләһи кітап. Ол – адамның өмірі, көңілдің жайғасуының ықпалы, жер мен көктің тілі, бақыт Күні мен берекет қазынасы. Құранның ерекше қасиеттерімен тәрбиеленіп, ахуалын саған қарай өзгерту – көңілдің орнығуы, ар-ұждан тыныштығы; оның көріністерін көңіліне, өміріне енгізген Мүминде ұшы-қиыры жоқ кеңдік пайда болады. Сондықтан, Құран болған мүминдердің жүректері – Алланың салтанатының шексіз аспаны. Құранның айбындылығымен жамылған, Құрани ақиқаттар жәннатінде ғұмыр кешкен, сондай-ақ Құрани жұқалықтарды көңілдерінде сезінген қадірменді сахабаларда бұл ахуал керемет көрінісін тапқан Хазреті Әбу Бәкір (р.а) «Ниса» сүресінің:  «Кімде-кім бір жамандық істесе, ол жазасын тартады!….» (Аят, 123) деген аяты түскенде ішкі жан-дүниесі дірілдеп, зәресі ұшып, былай деген: «Қабырғам қайысып, белім сынып кеткендей болып қалдым…» (С. Ұлыдағ, Кәләбази, Таарруф, б-113)

Бір күні Хазреті Омар бір үйдің жанынан өтіп бара жатып, үй иесінің сырттан естіліп жатқан дауысымен «Тур» сүресін оқығанын естиді. Ол кісі: «Раббыңның азабы, сөзсіз, орындалады, әрі оны тойтарушы еш нәрсе жоқ» («Тур», 7-8) – деген аяттарына келген кезде Хазреті Омар көлігінен түсіп, қабырғаға сүйеніп тыңдады. Кейін, бұл аяттардағы ескертудің әсіренен біраз уақыт үйінен шыға алмай ауырып жатты. Хазреті Омардың (р.а) мына сөзі де қабырғаны қайыстырып ойлайтын жәйт: «Бақара» сүресін он екі жылда әрең оқып бітірдім. Соған шүкір етіп, құрбандық шалдым!» Өйткені, оның Құран оқуы тек сөз-сөйлем тіркесінен ғана тұрмайтын. Оның оқуы, Құраның әрбір сөзіндегі, сөйлеміндегі, терең сырларды түсініп, артынан сол аяттармен амал етіп, жүзеге асыратын түрдегі оқу еді. Себебі, Құраннан шынайы түрде пайдалану осылай ғана жүзеге асады.

Құран мінезі өте терең, өте ұлы хал. Көңілдер, Құранмен шенгелі мөлшерде, ықыластары бойынша одан үлесін алады. Бұл үлес бірінде аз, бірінде орташа, бірінде де, көп болып, іске асады. Яғни, көңілдердегі айырмашылық бойынша көрініс табады.

Мәдинә-и Мүнәууәрәда өзі Сириялық Абдулла деген кісі тұратын. Ол, аса қадірлі Сами ұстаздың көңіл бақшасында өскен ерекше адамдардан еді. Абдуллаһ мырзаның Құранға деген сүйіспеншілігі, құрметі, тағзымы елден ерекше болып, және жан-дүниесінің төрінен орын бергені соңшалық, оның Құранға деген ғашықтығы – өзі үмми (сауатсыз) болғанымен, оған Хақ Тарапынан бір түн ішінде қарилық (Құранды бастан-аяқ жатқа білу) берілуі сияқты ұлы нығметпен сыйланған. Қарилық, Құранның мұғжизаларынан болғандықтан осылай, яғни бір түнде қари болып шыққандар – Алланың ілтипат, сый көріністері. Бірақ, бұл нәрсе, жоғарыда айтқанымыздай ішкі жан-дүниеге байланысты. Сондай-ақ, күндердің күнінде Абдулла мырзадан қарилық қайтып алынған да, бұл кісі қасіретке толы көз жастарын төккеннен соң осы сыйға қайтадан қауышқан. Бұл оқиға Құран Қәрімнің сан жетпес пайдасы мен ерекше көріністерінің бірі ғана. Періштелерді иләһи шаттығуға қарық қылған, тіпті басқа да мақұлұқтардың өздерін әсерлендіретін Құран Кәрім, нәпсілік бейімдерінен құтылып, нұрға бөленген көңілге сырларын қаншалықты паш ететінін ойлану керек!..

Сол үшін Құранның терең сырларына жету үшін жаны бар Құран халіне келу зәру. Ал, жаны бар Құран бола білу, Құранды ең әдемі суретте үйрену және жүзеге асырумен басталады. Бұл да – Құраның ғылым аясына кіру, оның хикмет дариясына шомылу, ғибратқа толы көріністерінен сабақ алу, парасат дастарханынан коректену, ихсан сезіміне бағыт алу, апатпәлекет түскенде сабыр қаруына жабысу, иләһи жоспартағдырға ризашылық деген сеніммен пісу, тәсилим деген қайнар мен толу, қызмет бұлағынан ішіп-ішкізу, жан кештілік шапанымен жамылу, махаббат сарайына кіру, хақ пен сабырды үгіттеу, өз қажеттіліктерімізді қайырға жұмсау, истиқамәт бойынша ізгі амалдар жасау, қорыта айтқанда, көңілді тікені жоқ гүлістанға айналдырып, Алла Тағаланың махаббат назары түсетін орын халіне келтіру. Осы айтылған қасиеттерге жетіп, ие болғандар яғни, жаны бар Құран халіне жеткендер, оның білімін орындаушы, хикметімен де кәміл болады. Осылайша, арифтер, салихтар, зәһиттер, ғашықтар мен садықтардың керуеніне қосылады. Сондықтан, өміріміздің әр тұсына Құранның нұрын шағылыстырып, көңілімізді оның кәусәрімен (жәннәт суы) нәсірлендіріп мәнгілікке бет бұруымыз – шексіз бақытымыздың тек жолы. Осы бағытта тілі мен жан-дүниесін, Құраннан басқа нәрселермен әуре қылмаған, керек болған нәрсесін Құран аятын оқып, сұраған, өзіне қойылған сұраққа Құран аятымен жауап беретін, Құранның лебізі мен мағынасын игеріп менгерген талай ұлықтар жетілген. Ислам даңышпандарынан Абдуллаһ Ибн Мүбарак, мұндай қасиеттерге ие бір әйел кісінің ғибрат пен хикметке толы ахуалын былай жеткізген: Алланың Бәйтү’л-Харамы мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) қабірін зиярат жасау үшін жолға шыққан едім. Ұзақтан қарайған бір нәрсе көрінді.

Жақындап келіп қарасам, үстіне жүннен жасалған киім киген, жүннен орамал таққан, бір жалғыз әйел екен.» Оған: «Әссәләмү алейкүм уә рахмәтуллаһи уә бәрәкәтүһ!» деп, сәлем бердім. Ол «Ясин» сүресінің: «(Бұл да) – Аса жарылқаушы Раббыларынан сәлем!», - деген аятын оқып сәлемімді алды. Мен одан: «Алла жақсылығыңды көбейтсін! Сен бұл жерде жалғыз не істеп жүрсің?» - деп, сұрадым. Ол: «Алла қаңғыртқан адамды ешкім де оңдай алмайды...» деген аятын оқыды.

– Жолынан адасып жүргенін түсіндім де: Қайда барасың?, - деп сұрадым. Ол тағыда: «Құлын бір түнде Мешіт Әл-Харамнан, Мешіт Әл-Ақсаға апарған...» деп басталатын «Исра» сүресінің 1-аятын оқыды. Оның бұл жауабынан:

– Қажылыққа барғанын, енді Құдыс шаһарына бет алғандығын түсіндім.

– Қанша күннен бері бұл жерде жүрсің?» – деген сұрақ қойдым. Ол «Мәриям» сүресінің 10-аятындағы: «Сап-сау күйіңде үш тәулік... » деген бөлімін оқыды. Мен:

– Қасыңда жейтін еш нәрсе көре алмай тұрмын - дедім. Ол:

– Мені жегізіп, ішкізетін - Ол (Алла)! деген, «Шұғара» сүресінің 79-аятын оқыды. Мен:

– Мақұл, сен немен дәрет алып жүрсің ? - дегенде, ол «Ниса» сүресінің 43-аятының бір бөлігін оқып берді.

– Су таба алмағанда беттеріңді, қолдарыңды таза жер жынысымен сүртіңдер (тәйәммум соңыңдар)». Оған:

– Ішіп-жейтін тамағым бар, тамақ іш!»-дедім. Әйел:

– Сонан кейін кеш батқанша ораза ұстаңдар!» деген, «Бақара» сүресінің 187-аятын оқып берді. Мен:

– Бұл рамазан айы емес қой? - дегенде, әйел «Бақара» сүресінің 158-аятының бір бөлігін оқыды.

«...Кімде-кім шын көнілден (нәпіл) бір іс істесе (сыйсыяпатын көреді). Өйткені, Алла құлшылықтын сауабын беруші, (әр нәрсені) толығымен білуші!»

– Сапарға шыққанда ауыз бекітпесе де болады, оған рұқсат бар ғой - деп айттым. Осы кезі: «Білген болсаңдар (ауыр болса да) ораза ұстағандарын әлі де қайда жақсы» - деген «Бақара» сүресінің 184-аятын оқыды.

– Менімен, неге мен секілді сөйлеспейсің? – деп таңырқана сұрадым. Ол: «Оның оң жағында да, сол жағында да жазып тіркеп тұратын екі періште бар, (адамның) аузынан нендей сөз шықса да қалт жібермей бақылап - аңдып тұрады деген, «Қаф» 17-18 -аяттарын оқыды. Оған: «Кел! Түйеге отыр! Мен сені еліңе жеткізіп салайын» - дедім. Ол: «Сендер қандай бір жақсылық істесеңдер де, Алла - оны біліп тұрады...» деген, Бақара сүресінің 197-аятының бөлігін оқыды.

Оны отырғызу үшін түйені шөктіруге тырысып жатыр едім. Ол: «Мүминдерге айт! Көздерін харамға қараудан сақтасын!…» деген «Нұр» сүресінің 30-аятының бір бөлігін оқыды. Түйеге отырғанан кейін «Зұхру» сүресінің 13-14 аяттарынан: «...Бізге осыларды бойұсындырып берген – пәк Алла. Әйтпесе біз бұған жолай алмас едік. Бәріміз расында Раббымыздың алдына қайтарыламыз (деп айтуларың керек)» деген бөлімін оқыды. Жолға бет алғанымызда «Мүзәммил» сүресінің 20-аятынан бір бөлігін оқыды. «Енді Құраннан өздеріне жеңіл келетіндерін оқыңдар!….»

Мен де: «…Кімге хикмет бағыштаса, оған қыруар игілік берген болады...» («Бақара», 269) деген аяттан шабыт алып: «Демек, Раббым саған көп игілік берген екен!» дедім. Менің бұл аяттың жалғасындағы: «…Тек ақыл иелері ғана мұны түсіне алады» - деген бөлімін оқыды.

Ақырында, оның адасып қалған керуенін қуып жеттік. Мен оған:

– Міне сенің керуенің! Ол жерде қандай туысың, кімің бар? - дедім. Ол:

«Байлық пен бала - дүние тіршілігінің сәні» деген, «Кәһф» сүресінің 46-аятын оқыды. Мен оның бұл жауабынан керуенде балалары болғандығын түсіндім. Кейін одан:

– Олар, бұл керуенде қандай қызмет атқарады? – деп сұрадым.

Жауап ретінде: «Және қаншама белгілерді жаратты. Олар (түнде жүргенде) соған және жұлдыздарға қарап жол табады» деген, «Нахыл» сүресінің 16-аятын оқыды. «- Демек, оның балалары жол сілтеуші екен».

– Олардың аты-жөні кім? - деп сұрағанда, «Ниса» сүресінің 125-аятындағы:

«…Алла, Ибраһимді өзіне дос тұтты», осы сүренің 164-аятының «…Алла, Мұсамен шын тілдесті», және «Мәриям» сүресінің 12-аятының «Ей, Яхия! Бар күшіңмен кітапты ұста!» деген бөлімдерін оқыды. Осыған орай, мен:

«Ей, Ибраһим! Ей, Мұса! Ей Яхия!» деп дауыстағаным сол еді, жүздері нұрлы үш жас жігіт жүгіріп келді. Аналарымен табысып, көңілдері орнына түскен балалар келіп, отырғанда аналары:

«…Енді мына күміс ақшамен біреуіңді қалаға жіберіңдер! Байқап, көріп кімнің тамағы таза болса, содан сатып әкелсін...» («Кәһф», 19) деген аятты оқыды.

Жігіттердің біреуі барып азық-түлік сатып алып, дастархан жайды. Әлгі әйел «Хаққа» сүресінің: «Өткен күндерде істеген жақсылықтарыңның есесіне емін-еркін ішіп-жеңдер!» деген 24-аятын оқыды. Бірақ мен балаларға:

– Маған аналарыңыз жайында айтып бермесеңіздер тағамдарыңызды ішпеймін! - дедім.

Балалар:

– Бұл біздің анамыз. Мейірімді Аллаға қарсы келетін сөз айтып қоймайын, бір іс істеп қоймайын!» – деп қырықжылдан бері, тек Құран аяттары арқылы ғана сөйлесіп жүр - деді. Мен де «Жұма» сүресінің: «Міне, бұл – Алланың жақсылығы, Ол оны қалаған адамына береді. Алла – дарқан қайырым иесі...» деген 4-аятын оқыдым. (Мұстафа Асым Көксал, Кітап пен Сүннет, 21-25)

Міне, жаны бар Құран болудың, өзгеше көрінісі! Мақрұм Шайыр Мехмет Акиф Құранға осы жөнімен қарап былай деген: «Түспеген әлі, Құран мұны жақсылап біліңдер, Мазарда оқылатын не бал ашатын!..»

Ибн Аббас (р.а) жаны бар Құранға айналған мүминдердің, ол шексіз кітапта талай нәсіптерге қол жеткізетінін, сондықтан өмір мен Құранның шексіз дәрежеде бірі-бірінің ішінде болуы керек екендігін баяндау ретінде былай деген: «Түйемнің жібі жоғалып қалғанда да, оны Алланың кітабынан табатын едім...»

Өйткені, Құран: «Егер жер жүзіндегі ағаш атаулының барлығы қалам болса, теңіз сия болса, оның үстіне тағы жеті теңіз (сия болып) қосылса да, Алланың сөздерін (жазып) тауысуға болмайды...» (Лұқман,27) баяндалғандай, заттық және рухани шексіз – мағлұматтарға, ғылымға, сырға, хикметпен мағрифәтке толы. Ол – аша алмайтын есігі жоқ кіліт. Ол – теңдесі жоқ рахмет. Адам баласы, тек оның өзгеше де ұлы аясында өмір сүрумен ғана барша ғаламның гауһары деген сипатын сақтай алады. Тек соның аясында ғана әлемдегі сан жетпес көріністердің керемет нақыштарына, бұларды іске асып жатқан иләһи құдіреттің айбынды көріністеріне, жүректің жұқалығы мен парасаттылыққа қол жеткізіп уасыл-ы илаллаһ бола алады. Өйткені, Құран – адамға әртүрлі ұлы міндет пен махаббаты үйрететін қасиетті мектеп. Ол – адамға жаратылысындағы хикмет пен гауһарды сақтатқан, ондағы иләһи әдеміліктердің көрініс табуына дәнекер болған Хақ сөзі. Оның тәрбиесі астына кіріп, оның ақиқатында нұрға бөленіп өз нәпсілерін жоқ қылғандар – ақылдарын иман ақиқаттарына, көңілдерін қасиетті көріністерге, мінез-құлықтық шаттығулар мен адамгершілік сезімдеріне, сондай-ақ ағзаларын ізгі амалдарға жұмсады. Сөйтіп, жанды Құран халіне жетеді.

материал «Махаббаттағы сыр» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: