Әбу Мұса әл-Ашғари (р.а):
«Пайғамбар (с.а.с.) дұға қылды, сосын қос қолын көтерді. Мен оның екі қолтығының ағын көрдім», – деген.
Ибн Омар (р.а) Пайғамбардың (с.а.с.) екі қолын көтеріп: «Уа, Алла! Менің Халидтің істегеніне қатысым жоқ», – деп дұға еткенін айтқан.
Әнәс ибн Мәлик (р.а) Пайғамбардың (с.а.с.) екі қолын көтеріп дұға қылғанын, тіпті оның (с.а.с.) қолтығының ағын көргенін де жеткізген.
Салман (р.а): «Алла елшісі (с.а.с.): «Шынында сендердің ұлы Раббыларың Ұялушы әрі Жомарт. Ол пендесі екі қолын көтергенде оларды бос қайтарудан ұялады», – деді», – деп айтқан.
материал «Дұға құлшылық өзегі» кітабынан алынды,
ummet.kz