Юсуф (оған сәлем болсын) өте көрікті жігіт болып өскен-ді.
Ол Алланың басына жазған тағдырымен бір кездері Мысырда бір уәзірдің үйінде қызметкер құл болып жүрді. Сол уақытта Алла оған мынандай бір сынақ жібереді. Оның көркіне таңғалған әйелдер, онымен төсектес болғылары келіп, жанжағынан азғыра бастағанда Юсуф Аллаға дұға етіп, өзін бұл бәледен аман алып қалуын тілеп: «Раббым! Бұлардың шақырғандарынан гөрі маған абақты жақсырақ. Егер бұлардың сұмдықтарын менен қайтармасаң, оларға бейімделіп надандардан болармын», – деп дұға жасаған.
Сонда Алла Тағала Юсуфты әлгі әйелдердің тұзағынан құтқарды. Бұл туралы Құранда: «Сонда Раббысы тілегін қабыл етіп, одан әйелдердің арамзалықтарын қайтарды. Өйткені Ол – толық Естуші, аса Білгір», – делінген.
материал «Дұға құлшылық өзегі» кітабынан алынды,
ummet.kz