11
Сенбі,
Қаңтар

һижри

«Әр адам өз еңбегінің ғана нәтижесіне қол жеткізеді»

«Әр адам өз еңбегінің ғана нәтижесіне қол жеткізеді»

Ислам тарихы

Бүкіл жаратылысты жаратқан Алла Тағала әрбір мақұлыққа өмір сүруі үшін, белгілі мерзім берген. Сол уақыт аралығына жететін ризықта беріп қойған. Адамның өмірі, алатын демі, азық-түлігі тағдыр кітабына белгіленіп, Адам атаның (аләйһиссәләм) беліне (шәует, ұрық) шифрланып (құпия жазумен жазылып) қойылған. Тағдырымызға қарай ризық-несібемізді теріп жеу үшін себептер заңы бойынша еңбек етуіміз бұйырылған.

Сондықтан иләһи бұйрыққа бой ұсына жұмыс істеу – міндетіміз. Яғни, тағдырға жазылған ризық-несібенің таратылып, қолға тиюі күш-қайрат жұмсап, еңбектенуге байланған.

«Шара қолдануда селқостық танытпа, тағдырға да күнә тақпа!» -деген мақал бар. Алла Тағала құлын «ерік, тырысу, жауапкершілік, тәуекел, сынақ» сияқты иләһи заңдармен жабдықтаған, шеңберлеген. Бұл заңдардың шеңберінен ауытқып кету жаратушысына қарсы келу болып табылады. Ауырып қалғанымызда дәрігерге жүгіруіміз, дәрідәрмек алуымыз, өрт зіл-зәлә секілді апаттар болғанда сыртқа қарай қашуымыз сияқты қауып-қатерден сақтану адамның табиғатындағы бейім.

Олай болса, адамдардың ризық табу жолындағы еңбектері қауіп-қатерден сақтану үшін иләһи заңдылық бойынша іске асуда. Ризық үшін күш-қайрат жұмсау. Тағдырға бұйрық тағдыр бағдарламасына теріс келмейді. Керісінше оған құрмет көрсетіп, иләһи бұйрыққа сәйкес қимылдау болып саналады. Егер мұның терісі болғанда, еңбектенуге бұйырылуымыздың ешқандай қадір-қасиеті, хикметі қалмас еді. Себептер заңына бағынбаушылық – Аллаға қарсы келу. Құран Кәрімде айтылған: «Әр адам өз еңбегінің ғана нәтижесіне қол жеткізеді». (Нәжім, 39)

Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) былай дейді: «Адам баласының жіп алып, тауға баруы, сондайақ, бір бау отын арқалап әкеліп сатуы, сол адам үшін басқаларға барып қайыр сұрауынан артық; қайыр сұрағанда басқалар адамның сұрағанын берсе де, бермесе де, сондай...» (Бұхари, Зекет, 50)

Ибн Фирасидің айтуынша әкесі:

– Ей, Алланың елшісі, (керегімді басқадан) сұрайын ба? -деп сұрады.

Расул Әкрәм (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Жоқ, сұрама! Бірақ амалсыз қалып сұрайтын болсаң, ізгі адамдардан сұра!» - деп жауап берді. (Әбу Дәуіт, Зекет, 28) Сонымен қатар Хақ Тағала ризықты табуда мақлұқатты бір-біріне себепші еткен. Сондықтан, пақырларға қарасу, керек-жарақтарына шын көңілмен жәрдемдесу, Алланың (жәллә жәләлуһу) бізге берген жақсылақтарынан оларға бөліп беруіміз – үлкен жақсылық, иләһи сый.

Расулулла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 4 шариярымен (Хазіреті Әбу Бәкір, Хазіреті Омар, Хазіреті Осман, және Хазіреті Әли) бірге дүниеден өздерінің жақсы көретін үш нәрсесін санап отырған еді. Осы арада Жәбірейіл (аләйһиссәләм) келіп, ол да бұл сұхбатқа қатысты. Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) одан да жақсы көретін үш нәрсе санауын сұрады. Жәбірейіл (аләйһиссәләм) былай деді.

«Осы дүниеде өмір сүретіндерден болғанымда үш нәрсені бәрінен жақсы көрер едім: Адасқандарға жол көрсету, пақыр бола тұра құлшылық етушілерді сүю, бала-шағасы көп болған кедейлерге жәрдем ету...» (Фәзаил-и Амал, 259 б)

материал «Махаббаттағы сыр» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: