Перзентханадағы толғағы жақындап, босанғалы жатқан әйелдің өзі немесе туыстары мына төмендегі дұғаларды оқыса, толғағы жеңіл болады деген үміттеміз:
- Аятуль Курси: «Аллаһу лә иләһә иллә һууәл хәййул қаййуум. Лә тә'хузуһу синәтуу уәлә нәум: Ләһу мә фиис сәмәуәти уәмә фиил әрд. Мән зәл ләзии йәшфәъу ъиндәһу иллә биизниһ. Йәъләму мә бәйнә әйдииһим уәмә халфәһум, уәлә йухиитуунә бишәйим мин ъилмиһи иллә бимә шә. Уәсиъа курсиййуһус сәмәуәти уәләрда. Уәлә яудуһу хифзуһумә уәһууәл ъалиййул ъазиим» (Бақара – 255)
- Ағраф сүресінің 54-аяты: «Иннә раббәкумуллаһул ләзии халәқас сәмәуәти уәләрда фии ситтәти әййәмин суммә стәуә ъаләл ъарши йуғшиил ләйлән нәһәрә йәтлубуһу хәсиисәу уәшшәмсә уәлқамәрә уәннужуумә мусәххарәтин биәмриһ әлә ләһул халқу уәләмр тәбәрәкаллаһу раббул ъаләмиин»
- Фәләқ пен Нас сүрелері: «Қул әъуузу бираббил фәләқ. Мин шәрри мә халәқ. Уәмин шәрри ғасиқин изә уәқаб. Уәмин шәррин нәффәсәти фиил ъуқад. Уәмин шәрри хәсидин изә хәсәд» (Фәләқ сүресі). «Қул әъуузу бираббин нәс. Мәликин нәс. Иләһин нәс. Мин шәррил уәсуәсил ханнәс. Әлләзии йууәсуису фии судуурин нәс. Минәл жиннәти уәннәс» («Нас» сүресі)[1].
XV-XVІ ғасырларда өмір сүрген ғалым, діннің барлық саласына арнап 600-725 шамасында бағалы еңбек жазған ғұлама Жәләлуддин әс-Суюти (м. 1445-1505 ж.) өзінің «әд-дуррул мәнсур фит тәфсири бил мәнсүр» атты тәпсір кітабында келтірген бір риуаятта: «Ардақты Пайғамбарымыз, (с.а.у.) қызы Фәтиманың (р.а.) толғағы жақындағанда, оның (Фәтиманың) жанына Үммү Сәләмә мен Зәйнәб ибн Жақшты (р.а.) жіберіп, мына Құран аяттарын оқуды бұйырған еді: Аятул Курси; Ағраф сүресі 54-аят; Фәләқ пен Нас сүрелері»[2].
Ендеше, перзентханадағы толғағы жақындап, босанғалы жатқан әпкеңіздің тілеуін тілеп, жоғарыда сайып өткен Құран аяттарын оқысаңыз болады.
материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,
ummet.kz