21
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Күн батқанда қанша уақыт баланы далаға шығармау керек?

Күн батқанда қанша уақыт баланы далаға шығармау керек?

Ислам тарихы

Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) күн батқан сәтте кішкене балаларды далаға шығармауды кеңес еткен.

Бұл кеңес балаларға қатысты. Өйткені, күн батқан уақытта жын-шайтандар жер бетіне жайылады екен. Сол сәтте кішкене балаға залалдарын тигізіп қоймасын деген мақсатта Алла елшісі (с.а.у.) ескертіп отыр. Күн батқаннан белгілі уақыт өткеннен кейін барып, шығара беруге болады.

Ал енді қанша уақыт күту керек? - дегенге қатысты хадисте «кештің ағарғаны кеткенге дейін» делінген. Осы хадистің арабша нұсқасында Ханафи ғалымы әл-Жассас (рахимаһуллаһ): «көкжиектегі ағарған» деп түсініктеме жасаған. Күн батқаннан соң батыс жақта қызыл шапақ кетіп, артынан көкжиекте ағарған пайда болады, сол ағарған кеткен сәт - Құптан намазының уақыты кірген сәт болмақ.

Демек, кешке ақшам намазының уақыты кірген сәттен бастап, құптан уақыты кірген сәтке дейін кішкене балаларды далаға шығармай тұрған абзал екен. Қысқаша айтқанда, кешке балаларды шығармайтын уақыт - ақшам мен құптан арасы екен. 

Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: